Ардагерлер емханасы
Астанадағы тарихи ғимараттардың санатындағы бүгінгі ардагерлер емханасын көпес Моисеев тұрмысқа шыққан қызы үшін салдырған. Құрылыс біткенде қалада қызылдар төңкерісі болады да, көпестің дүние-мүлкі тәркіленіп, қызы Қарағандының жанындағы Долинка концлагеріне айдалады. Мұнда кейін Ақмола уезінің Совдепі болыпты. Ресей коммунистік партиясының уездік комитетіне, одан соң облыстық кеңестің атқару комитетіне беріледі. Ұзақ жыл облыстық партия комитетінің емханасы болды. More
Ақмола – бізге ғұндардан жеткен сый
28/06/2010
Ақмола – бізге ғұндардан жеткен сый (жалғасы.)
23/06/2010
Кезінде архитектуралық кескінділігімен ерекшеленген ғимараттардың бірі – Александр-Невский соборы болыпты. Бізге 1881 жылғы 12 мамырда тұрғызылған бұл алып нысанның тек суреті ғана жеткен. Ол Александр үшінші мен отбасының құрметіне салынса керек. Собордың сəулетшісі – тобылдық инженер-технолог Павел Голышев. Большевиктер 1940 жылы қиратып тастаған. More
Сұрақ бізден – жауап сізден…
22/06/2010
Сұрақ бізден - жауап сізден... 1 пікір
Қазір расы керек, өліра кезең болып тұр. Үлкен кісі «жарты құдай» қошқарлар «әулие» атанып жатқанда (Талдықорғандық Еламан атты қошқарды айтамын да) бір түрлі министр немесе әкім болғың келеді екен… Ешкімнің ештеңеге зауқы жоқ, күбір-сыбырмен күн кешіп барамыз. Сондықтан «әкім болдым мінеки, бар малымды шығындап» деп Абай атамыз айтпақшы, бар миымды шығындап жүріп ашқан блогыма көңіл көтерерлік дүниелер қоссам деп едім. Осыным дұрыс па?
Қошқар қалай «әулие» атанып жүр?
22/06/2010
Сұрақ бізден - жауап сізден... 2 пікір
Естімеген елде көп, Талдықорғанда Еламан деген бір қошқар (кәдімгі қойдың атасы) күтпеген жерден әулиелік қонып жегі құрт – сыбайлас жемқорлықпен күресіп жүр деген сыбыс шықты. Бақсақ – бақа екен демекші, бұл сыбыс рас екен. Бүгінгі таңда әулие қошқар бір топ қолдаушыларымен бірге Қазақстанды аралап, жол жүріп кетіпті. Жарықтық қошқардың ондағы ойы – шенділер мен шекпенділер игере алмай отырған жемқорлықтың тамырына балта шабу болса керек… More
Астанада Абайға екінші ескерткіш ашылды
21/06/2010
«Қалың елім, қазағым – қайран жұртым, ұстарасыз аузыма түсті мұртым…» деп Алты Алаштың қамын жеген хакім Абайға елордамыздан тағы бір тағзым. Астананың туған күні қарсаңында ұлтымыздың рухани ағартушысы Абайға арналған ескерткіш ашылды More
Сүйекке таңба…
21/06/2010
Амола – бізге ғұндардан жеткен сый
17/06/2010
Бүгінгі Арқа төрінде бой көтеріп келе жатқан Астанамыздың тарихы патша заманынан сонау 1830 жылдан бастау алады. Дәл сол жылы Батыс-Сібір губернаторы Вельяминовтың Қараөткел аймағында Ақмола деп аталатын төртінші округ құру жөніндегі бұйрығын орындау үшін қасында екі жүз адамы бар Федор Шубин келіп қаланың қазіргі орнына қазық қақты. 1830 жылдың 28 мамыр күні басталған қала құрылысы 2 жылға созылып, 1832 жылғы 22 тамызда аяқталады. More
Еркек пен әйелдің арасында достық бола ма
10/06/2010
Осы еркек пен әйелдің арасында достық бола ма деген сұрақ жиі қойылып жатады. Бірақ, сұрағы қандай қызық болса, қырсыққанда жауабы да сондай «қызық» болып жатады… Көбісі әрине «бар» деп жатса, кейбіреулері әйел мен еркек арасында достық болмайды, ұзамай бұл махаббатқа немесе түсініксіз қатынастарға ұласып кетеді деп фәлсәфа ұрып жатады. Бәрі дұрыс шығар. Бәрақ менің айтып отырғаным – ері мен әйелі яғни отбасылар арасындағы достық туралы…
Сіз қалай ойлайсыз???







Соңғы пікірлер