Кенесарының түбіне жеткен Ресей патшалығы емес, қазақтың өзі

1 пікір

Уәлихан ҚАЙСАРОВ, Кенесары қорының президенті:

– Уәлихан Әбішұлы, Алаш баласы үшін қанын төккен, кешегі хандарымыздың соңғы тұяғы – Кенесары ханның басын елге қайтару жолында шетелге барып, біраз еңбектеніп қайтыпсыз. Әңгімемізді осыдан бастасақ?

– Кенесары Қасымұлы – қазақ халқының сонау Ұлытау жерінде ақ киізге отырғызып сайлаған соңғы ханы. Ол – қазақ елін жеке, өз бетінше бөлек ел етсем деп армандаған, әрі осы ұлы арман жолында өз өмірін сарп еткен бірегей тұлға. Тарихи маңызы өте зор тұлға. Ең қымбат дүние адамның өмірі, халықтың намысы, бостандығы, азаттығы екені белгілі. Кенесары бабамыз осы арман жолында күресті. More

Ұлыбритания қазақтарына ана тілінен ажырап қалу қаупі төніп тұр

Пікір қалдыру

Хакан Одунжу, Ұлыбританияның Кардиф қаласындағы Гламорган университетінің ғылыми қызметкері әрі оқытушысы, электрондық-инженерлік ғылымдардың докторы, профессор, Еуропадағы Қазақ қоғамдары қауымдастығы төрағасының орынбасары: More

Шетелдерде қазақтардың кеңестік кезеңде тәуелсіздікке ұмтылмағаны, күреспегені туралы пікір басым

1 пікір

Әбдіуақап Қара, Мимар Синан көркемөнер университетінің (Түркия) профессоры, тарих ғылымының докторы:

– Әбдіуақап аға, сіз соңғы кездері сана тәуелсіздігі жайында жиі айтып жүрсіз. Бұл өзі сонда нені білдіреді?

– Біз қазақ халқы жеке ел болып, тәуелсіздік алғанымызға 2011 жылы 20 жыл толады. Осыдан 18 жыл бұрын Кеңес Одағынан босап шықтық. Сөйтіп, саяси тәуелсіздікке қол жеткіздік. Саяси тәуелсіздікке бір күнде қол жеткізуге болады. More

Маған генерал атағын алып берген – қазақтың өзі

1 пікір

Жекей ҚАЛИОЛЛАҰЛЫ, Моңғолия Ұлы Хуралының (Парламент) депутаты, Қарулы Күштерінің генералы:

– Жекей мырза, жаһанды жалпағынан басқан қазақ халқының бір бөлігі сонау Алтайдың Қобда бетін мекен етіп қалды. Мекен еткен аумағы бөлек болғанымен, жүрегі «атамекенім» деп соққан қазақтың бүгінгі жай-күйі қалай?

– Рух кернеген қайсар жүрегі мен білегіне ғана сенім артқан қазақ халқының табаны тимеген әлемде жер жоқ шығар, сірә. Бүгінде өздеріңіз білесіздер, талай зұлмат заманды бастан өткерген қазақ халқы қазір әлемнің 44 елінде жүр. Бұлар өзінің елінен, атақонысынан еріккендерінен немесе байлық іздеп кеткен жоқ. More

Желтоқсан оқиғасынан жалпыұлттық мүдде емес, жеке бас мүддесін іздеуден аса алмай жүрміз

Пікір қалдыру

Әбдіуақап Қара, Түркиядағы Мимар Синан көркемөнер университетінің профессоры, тарих ғылымының докторы, түркітанушы:

– Әбдіуақап аға, сіз саналы ғұмырыңызды ғылымға арнап келе жатқан адамның бірісіз. Соның ішінде қазақ тарихына қатысты еңбектеріңіздің өзі бір төбе. Бірде азаттық идеясын ту етіп ұстаушылардың бірегейі – Мұстафа Шоқайдың өміріне қатысты Түркістан легионы туралы ақиқатты ашқыңыз келетінін айтып едіңіз. Осы арманыңызға жеттіңіз бе? More

Тіл – тәуелсіздігіміздің басты тірегі

Пікір қалдыру

Жақында Үкімет үйінде Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы таныстырылды. Орындала қоюы неғайбыл бағдарламаны жарты сағат бойы таныстырып шыққан Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхамед өз сөзінде әлемдік тілдерге қатысты қорқынышты деректер келтіре кетті. More

«Бо» тілі өлді, «Силец» тілі көр аузында тұр

3 пікір

Жуықта BBC  агенттігі «Бо» тілінде сөйлейтін ең соңғы адамның қайтыс болғанын жариялады. Осылай 70 мың жыл өмір сүрген тіл мәңгілікке көз жұмды.

Бұл жөнінде лингвист-профессор Анвит Абби:  «Бұл тілде сөйлейтін жалғыз адам Боа Ср  85 жасында қайтыс болды. Ол өзімен бірге әлемдегі ең ежелгі тілдердің бірін алып кетті. «Бо» тілінің өлуі үнді мәдениеті үшін орны толмас шығын» деді. More

Астанадағы аштық акциясына саяси партиялар үн қосып жатыр

Пікір қалдыру

Астанада он шақты күнне бері билік иіріміндегі келеісіздіктерге қарсы аштық жариялап жатқан үлескерлерге ақыры саяси партиялар да үн қоса бастады. More

Астанада бір топ борышкерлер мен үлескерлер аштық жариялады

1 пікір

Астанада бір топ борышкерлер мен үлескерлер аштық жариялады. Олар мұндай қадамға амалдары әбден таусылған соң барып отырғандықтарын айтады. Елдегі банктердің жұмысына және үкіметке деген сенімдері жоғалған. More

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.