Көңіл хошына қарай түрліше көсілте салатын Менің Президентім Нұрсұлтан Назарбаев Парламенттің қос палатасының біріккен отырысында «елімізде ізгілендіру шаралары сәнге айналып кетке кетті», – деп салды. Айтуынша, соңғы жылдары түрме атаулының бәрін «курорт қыламыз» деп жүріп жалпы тәртіпті қожыратып алыппыз. Әбден есірген түрмедегілер керегінше есірткі шегіп, қару асынып жүретін болған. «Бас бостандығынан айыру орындарына қару-жарақ, пышақтар, есірткі секілді не керектің бәрі жөнелтіліп жатыр», – деп атап өткен менің Президентім тәртіпті қатайту керектігін нығыздап тұрып айтты. More
Курорт-түрме
09/09/2011


Соңғы пікірлер