Қарағанды облысының  Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ елді-мекенінің тұрғындары ерекше құбылысқа куә болып отыр. Ауыл қарғалары өз туыстастарынан ерекше – «Алла» деп қарқылдайды екен. Тылсым құбылысқа алғашында ешкім мән бере қоймаған. Бірақ таң рауандай бере,  құс «Аллалап» азан шақыратынын естігенде ауыл тұрғындары өз құлақтарына өздері сенбепті. Бұл көрініс қайталана берген соң тұрғындар аңдып жүріп «азаншы ала қарғаны» бейнетаспаға түсіріп алған. More