Қарағанды облысының  Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ елді-мекенінің тұрғындары ерекше құбылысқа куә болып отыр. Ауыл қарғалары өз туыстастарынан ерекше – «Алла» деп қарқылдайды екен. Тылсым құбылысқа алғашында ешкім мән бере қоймаған. Бірақ таң рауандай бере,  құс «Аллалап» азан шақыратынын естігенде ауыл тұрғындары өз құлақтарына өздері сенбепті. Бұл көрініс қайталана берген соң тұрғындар аңдып жүріп «азаншы ала қарғаны» бейнетаспаға түсіріп алған.

«Бұл қарғаны ең бірінші рет біз екі ай бойы, аңдып, таңғы жеті кезінде түсірдік. Бұл қарға төрт рет «Алла» деп айтады. Енді одан кейін тағы басқа қарғалар бар еді оны таба алмадық.Жүрді бірақ біздің ыңғайымыз келмеді. Екі айда бір-ақ рет түсірдік», – ауыл тұрғыны Ернұр Төлегенов. Ал Қайыр Рахметуллин деген азаматтың айтынша, тағы бар ала қарға  «Аллаһ» деп дыбыс шығарады екен.

Десе-де қарғалардың Алла деуі адамдар үшін ескерту. Қарға екеш қарға да құдайына өзінше құлшылық қылып жатқанда тұрғындар да тәубеге келіп, имандылыққа бет бұру ләзім дейді дін өкілдері.