Ақмола – бізге ғұндардан жеткен сый

Ардагерлер емханасы
Астанадағы тарихи ғимараттардың санатындағы бүгінгі ардагерлер емханасын көпес Моисеев тұрмысқа шыққан қызы үшін салдырған. Құрылыс біткенде қалада қызылдар төңкерісі болады да, көпестің дүние-мүлкі тәркіленіп, қызы Қарағандының жанындағы Долинка концлагеріне айдалады. Мұнда кейін Ақмола уезінің Совдепі болыпты. Ресей коммунистік партиясының уездік комитетіне, одан соң облыстық кеңестің атқару комитетіне беріледі. Ұзақ жыл облыстық партия комитетінің емханасы болды. Оқуды жалғастыру

Ақмола – бізге ғұндардан жеткен сый (жалғасы.)

1881 жылы салынған бұл собор Ақмола бекінісіндегі ең танымал ғимарат болған.

Кезінде архитектуралық кескінділігімен ерекшеленген ғимараттардың бірі – Александр-Невский соборы болыпты.  Бізге 1881 жылғы 12 мамырда тұрғызылған бұл алып нысанның тек суреті ғана жеткен. Ол Александр үшінші мен отбасының құрметіне салынса керек. Собордың сəулетшісі – тобылдық инженер-технолог Павел Голышев. Большевиктер 1940 жылы қиратып тастаған. Оқуды жалғастыру

Сұрақ бізден – жауап сізден…

Қазір расы керек, өліра кезең болып тұр. Үлкен кісі «жарты құдай»  қошқарлар «әулие» атанып жатқанда (Талдықорғандық Еламан атты қошқарды айтамын да) бір түрлі министр немесе әкім болғың келеді екен… Ешкімнің ештеңеге зауқы жоқ, күбір-сыбырмен күн кешіп барамыз. Сондықтан «әкім болдым мінеки, бар малымды шығындап» деп Абай атамыз айтпақшы, бар миымды шығындап жүріп ашқан блогыма көңіл көтерерлік дүниелер қоссам деп едім. Осыным дұрыс па?

Қошқар қалай «әулие» атанып жүр?

Еламан атты "әулие қошқар" осы...

Естімеген елде көп, Талдықорғанда Еламан деген бір қошқар (кәдімгі қойдың атасы) күтпеген жерден әулиелік қонып жегі құрт – сыбайлас жемқорлықпен күресіп жүр деген сыбыс шықты. Бақсақ – бақа екен демекші, бұл сыбыс рас екен. Бүгінгі таңда әулие қошқар бір топ қолдаушыларымен бірге Қазақстанды аралап, жол жүріп кетіпті. Жарықтық қошқардың ондағы ойы – шенділер мен шекпенділер игере алмай отырған жемқорлықтың тамырына балта шабу болса керек… Оқуды жалғастыру

Астанада Абайға екінші ескерткіш ашылды

«Қалың елім, қазағым – қайран жұртым, ұстарасыз аузыма түсті мұртым…» деп Алты Алаштың қамын жеген хакім Абайға елордамыздан тағы бір тағзым. Астананың туған күні қарсаңында ұлтымыздың рухани ағартушысы Абайға арналған ескерткіш ашылды Оқуды жалғастыру