Жаһандық дауылдан қалай құтыламыз?

Жалғанды жалмап келе жатқан жаһандану үрдісі  көп дүниені қайтадан қарап, елеп-екшеуді қажет ететіні белгілі. Осы үрдіске үрке қараған елдер де, жаңаның бастауы деп жанына жақын тарттып, тіпті осы жалмауыз алапаттың апанына түсіп барынан баз кешіп, жұтылып жатқан елдер де аз емес. Бұл үрдіске анықтама беріп, айдар тағушы оқымыстылардың пікірі әркелкі. Шындығында, жаһандану – әлем назарын аударған технология мен жаңашыл көзқарастардың, өткенді саралап, мораль мен гуманизмнің тоғыса келіп, классикалық үлгіге айналатын, жалпы ғаламдық нормалардың этикалық, демократиялық үлгісі болуы шарт.

Алайда, жаһандану үрдісі «демократия» шапанын жамылған әлемдік лидер, жеке дара билік құралы ретінде пайдаланылып отыр. Оған Батыс пен Шығыстың бір арнаға тоғыса алмауы, сондай-ақ соңғы 20 жылдағы дүрбелеңге толы сансыз тарихи оқиғалар куә болса керек.

Көк түріктің ұрпағымыз деп кеудесін қайсар намыс пен кек кернеген қазақ елі осы үрдіске қалай қарайды? Жаһандық сорақы саясаттан қалай сақтанып, айбынды қазақ елі қалай өркендемек? Кезіндегі отаршылдық саясат пантюркистік идеяны дүдамалға айналдырып, кернеген кек пен ашу ызаға булыққан халық санасынан көк бөрілік, Тұрандық рухты жоқ еткені белгілі. Сол соқыр сана  күні бүгінге дейін тарихымызды Керей мен Жәнібектен арыға апара алмады. Қазақ халқы – Еуразия құрлығын дәуірлеткен Алып Ер Тоңға негізін салған сақ, кейін ғұн, үйсін секілді қаһарман тайпалардан қалған  көне ел екенін ұға алмадық. Қазақ мәдениеті ең көне кітап Авестадан бастау алғанын біліп қана қоймай, Сібірден, Таяу Шығысқа дейінгі аумақты билеген сақ падишасы Тұмар ханымның «мен – елімнің падишасымын. Мен иілсем елімнің иілгені» деген отты сөзі әрбір қазақстан халқының жүрегінде  орын табуы тиіс. Сақ бақшасын қайта түлеткен Шығыстағы Мөде, ұлы түркі даласын билеген Естеміс, казіргі алпауыт мемлекеттер – Италия, Греция, Француз, Румын, Венгр елдерінің негізін салған Еділ сынды патшалар тарихы Азау, Алтай, Сыр, Орхон бойынан  табылған ескерткіштер құпиясы ашылғанша өзгеге телініп келгені тағы бар. «Тарихты тыңдау – ұлы ғибрат», «жаратушы – біреу» деген қанатты сөз қалдырып 132 жыл Сирия, Араб, Ирак Түркияға дейінгі аумақты билеген Қыпшақ династиясының негізін салушы Бейбарыс туралы неге аз білеміз? 17 жыл Мысыр мен Шамда сұлтандық құрып, көк түріктің киесі мен қыпшақ тілін мемлекет тіл дәрежесіне көтеріп, киіз үйі мен сары қымызын, тектілігін алып барған мәмлүктер тарихы осындай. Соңғы кездері Мұхаммед үмбеттеріне мирас етілген аһли сүннет жолын мойындамайтын уахаббий, хизбий секілді теріс ағымдардың көбейіп кетуі жаһандану үрдісінің тым қатал, мейірімсіз екенін көрсетсе керек. Бұдан, әрине, жаһандық саясат кімнің ыңғайында екенін байқау қиын емес. Қазақтың тілін, дінін, салт-дәстүр, болмысын жаһандық дауылдан тамыры терең тарихымыз бен кемел саясатымыз, ұлт-аралық татулық  секілді құндылықтарымыз арқылы қарсы тұра алатынымыз ақиқат. Пайғамбарымыз: «мен дүниеге көркем мінезді паш ету үшін келдім» деген. Әлемге паш етілген тәуелсіздігіміз бен көркем мінезіміз терең болғай!

Қуандық ШАМАҚАЙҰЛЫ, саясаттанушы:

Қазақ халқы – бұрыннан қоғамдық құндылықтарды қастерлей білетін, салт-сана арқылы моральдық, этикалық тәрбиенің озық үлгісіне қол жеткізген, ішкі потенциялы, дәстүрі, болмысы жаһандық өлшемдерден артық болмаса, кем түспейтін өркениет иесі. Жалпы жаһанданудың мақсаты не? Адамзаттың ортақ құндылығы деген болады. Қай ел болмасын өзінің озық дәстүрін әлемге мойындатып өзінің ұлтына қызмет етіп келген құндылықты күллі адамзаттың игілігіне жарату. Бұл құбылыстың нақты ғылымдағы, қоғамдық санадағы, әлеуметтік үрдістегі орнын дұрыс бағалай білуіміз керек. Осы тұрғыдан алғанда қазақ халқы үшін жаһандық жұтылудың ауылы алыс.

Құныпия АЛПЫСБАЕВ,  филология ғылымдарының докторы, профессор:

Бұл күллі ғаламдық үрдістен ешкім де қашып құтылмайды. Қазір бізге басқа елдердің ықпалы күшті болып отыр. Жаһандық саясат бұрыннан адамзат қоғамының қалыптасуынан бері бар дүние. Біз неге осы саясат жетегінде кетпей келдік?  Өйткені, біз басқа ел әсерін өзіміздің ұлттық дәстүрімізге, ұлттық қасиеттерімізге бағындыра білген елміз. Дүниеауи мәдениет пен әдебиет дәстүрін ертеден бойымызға сіңіріп келе жатырмыз. Мысалы, шығыс дастандары, ертегілері, жырлары т.б. жанрларды ұлттық сипатқа бейімдеп, қайта жырлап шыққандай болдық. Сол секілді кез-келген дәстүрді, шетелдік ықпалды ұлттық сипатымыз бен ұлттық дәстүрімізге сіңіре отырып қабылдасақ жаһандық дауылға жұтымаймыз.  Ал енді, қазіргі орыстанып кеткеніміз секілді олардың тілін де тұтас алып өз тілімізді ұмытсақ, басқа елдің дәстүрін сол күйінше қабылдап алып, өз дәстүрімізді ығыстыра беретін болсақ онда жұтылып кетудің қаупі ерекше болғалы тұр.

Ақиық АЛТАЙ

«ҮШ          қиян»

АСТАНА

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s