Жәнібек пен Керей ханға ескерткіш ашылды

Өздері негізін қалаған Қазақ атты ұлы елдің төрінен орын бұйырмай қала жаздаған қос тұлға – Жәнібек пен Керей ханға арналған ескерткіш бүгін салтанатты түрде ашылды. Еңселі монументалды мүсіндік-көркем композиция тұңғыш Президент мұражайы алдындағы саябақта орын теуіпті.

Салтанатты шара Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтті. «Ұлы бабаларымызды ұлықтау ұлыстың ұйысына айналған іргелі ұлт ретінде өркен жаюымызға бағытталған ауқымды шара болып табылады. Тарихи таныммен ұрпақ өседі, ұлттық сана қалыптасады. Кешегімізге көрсетілген құрмет, келешегіміздің жарқын болуына жол ашады. Сондықтан да, өскелең ұрпақ өшкенін танып, болашағын бағамдау үшін мұндай ескерткіштер ел ордасында әр уақытта да қажет. Ендеше ұлы хандарымызға арналған еңселі ескерткіш құтты болсын. Астана абыройы асқақтап, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз еңселі болсын», – деді ол ескерткіші ашып тұрып.

Мамандардың айтуынша, ескерткіш тұтас өз тұлғаларымен жаңа хандықтың ірге көтеруі, еркіндіктің орнауын бейнелейтін екі мүсіннен тұрады. Әрбір мүсіндік бейне өзіндік ерекшелікке ие: қазақ хандығының тұңғыш басшысы болу жолы берілген Керейдің қазақы ер-тоқымда мығым отыруы және ерлік пен өрліктің, дала көшпенділеріне тән тас-түйін тұлғалы толық бойымен тік тұрған Жәнібектің бейнелері сол кездегі олар құрған қазақ хандығы оқиғасының мазмұнын ашып тұрған сыңайлы.

Сондай-ақ композицияда хандардың қолдарына сығымдап, қадай ұстаған ту бейнеленген. Бұл көрініс жаңадан құрылған хандықтың беріктігін, тұрақтылығын, өр рухты мақсаттарды көздеген өміршеңдігін аша түседі. Бұл орайда, композиция тарихтың үздіксіздігі мен дәуірлер сабақтастығын білдіреді. 

Ескерткіш мүсіндерінің іргетасынан бастап ұшар басына дейінгі жалпы биіктігі 12 метр, Жәнібек ханның тік тұрғандағы бойы 5,25 метр. Керей ханның бейнесін сомдаған мүсіннің биіктігі 4 метр, мүсіндік композицияның барлық элементтері таза қоладан құйылған. Салмағы 16,20 тонна. Тағы бір айта кетерлігі, қос мүсін Қазақстанда жасалған.

Әрине, Керей мен Жәнібек хандардың тұрғызылған ескерткіштері – қазақ қоғамы үшін ірі рухани және мәдени маңызы бар айтулы шаралардың бірі екені даусыз. Қос алыпқа қарап тұрып, ішімнен тәубә дедім. Астана төрінен мүлдем орын бұйырмай қалса не істер едік? Бәрі де жақсы-ақ. Көңілге бір түрлі қуаныш ұялатады. Тек, Керей бабамыздың құр ерге мініп тұрғаны болмаса!

Бүркіт НҰРАСЫЛ

Advertisements

2 responses to “Жәнібек пен Керей ханға ескерткіш ашылды

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s