Қытай қазақтары жарады: қара домбыраның құдыреті Гиннестің рекордтар кітабына тіркелді

2010 жылы мамырдың 30 күні Шыңжаң ,Тарбағатай аймағы Толы ауданында 28 ұлт өкілдерінен құралған барлығы 10495 адам бір мезетте қазақтың қара домбырасын күмбірлетіп, «Кеңес» күйін орындады.

Бұл туынды XIX ғасырда өмір сүрген қазақтың белгілі күйшісі Бейсенбі Дөненбайұлының туындысы екені белгілі. Бұл шара Гиннестің рекордтар кітабына еніп отыр. Толы ауданының әкімшілігі ұйымдастырған бұл шараға арнайы шақырылған Дүниежүзілік Гиннесс рекордтар кітабының Шанхайдағы басқармасының уәкілі Ние Жиың Шуан, «он мың адамдық домбырамен күй шертуден  Гиннестің рекордтар кітабына кіргендігі туралы» куәлікті аудан әкімі Масан Зағыпарұлының қолына табыс еткен.

Дерек-керек:

Домбыра шертіп әлемдік рекод жаңартқандардың ең жасы 2 жаста болса, ең қарт домбырашысы –  80-де болса керек.
Қасиетті қара домбыра – қазақтың өр рухы. Киелі қазынамыз – түркі жұртын әлемге тағы бір мәрте паш етті.

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s