«Ұлт көшбасшысы» «таяқ жеп» қалды

Розақұл Халмурадов бастаған бір топ депутаттың бастамасымен өмірге келіп, артынша Парламенттің қос палатасы шашбауын көтерген  «Ұлт көшбасшысы» туралы заң жобасы сәтсіздікке тап болды. Кеше Президент Нұрсұлтан Назарбаев бұл құжатты бекітпеу туралы шешім қабылдап жіберді.

СӘТСІЗ ШЫҚҚАН ҚОЙЫЛЫМ

Мамырдың 5-і күні Розақұл Халмұрадов Светлана Ферхо және Әмзебек Жолшыбеков бастаған Парламент Мәжілісінің үш депутаты Нұрсұлтан Назарбаевқа «Ұлт көшбасшысы» мәртебесін беруді және президент пен оның отбасын әкімшілік және қылмыстық қудалаудан қорғауды, Назарбаевтың өмірбаянын бұрмалау мен суреттерін бүлдіруді қылмыс деп тану бұл аздай, оған алда-жалда қастандық жасалса – лаңкестік әрекет деп тану туралы сұрап, жаңа заң жобасын ұсынған еді. Мамырдың 12-сі күні Мәжіліс, таң атырмай келесі күні Сенат бұл ұсынысты бір ауыздан қолдап, Конституцияға тиісінше өзгерістер енуге аз-ақ қалғаны белгілі.

Сол уақытта Розақұл Халмұрадов: Республикамыздың Тұңғыш Президентін – Елбасы, Елбасымыз деп мақтанышпен атаймыз. Дегенмен «Елбасы» мәртебесі заң деңгейінде бекітілмеген. Қазақстан Республикасы дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы мәртебесін заң деңгейінде бекіту қажет деп санаймыз. Нұрсұлтан Назарбаев  –  әлем мойындаған, жаһанға атағы жеткен, жер жаһанға сөзі өтіп, айтқанын істетіп отырған бүгінгі заманның Джордж Вашингтон, Ататүрік, Ганди сияқты дара тұлғаларға тән көшбасшылық, қасиетімен жарқын күндерге жол бастаған Елбасымыз», – деген болатын. Халмұрадов осылай деп көзіне жас алып тұрып: «Қазақстан халқы Ассамблеясын құрған, әлемде теңдесі жоқ осындай бір қоғамдық институт құрған біздің елбасы. Сол елбасыға біз сол заңға ұсыныс енгізіп, Елбасы өмір-бақи сол Ассамблеяның төрағасы болып қалсын. Өйткені өзінің баласындай тәрбиелеп, жеткізген институт», – деп  өз ұсынысын білдіргенді.

Бірақ қойылым сәтті шықпады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев бұл құжатты бекітпеді. Бастама алғашқы күннен-ақ, зиялы қауым мен оппозициялық күштердің, түрлі жастар ұйымының қарсылығына тап болып, қызу талқылауға ұшырады.

ҚОЙЫЛЫМ ҚОЖАЙЫНҒА ДА «ҰНАМАДЫ»

Маусымның 3-і күні Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» агенттігінің кешкі жаңалықтары арқылы өзінің «Ұлт көшбасшысы туралы» заңға қол қоймайтынын мәлімдеді. Бірақ, Президент өз сөзінде аталмыш заңды бекітпеуінің жоғарыда айтылғандай ел ішін кезіп кеткен неше түрлі  пікірталасқа еш қатысы жоқ екенін атап өтті. Ол өзіне аса жоғары мәртебе беруді сұраған халық пен оның қалаулыларына рақмет айтып, ризашылығын білдірді. «Бұл жобаның бір ауыздан қабылдануы маған деген елдің сенімін паш етеді.  «Елбасы» деген атауды заңмен бекітудің қажеті жоқ. Мені дұрыс түсініңіздер», – деп атап өтті өз сөзінде.

Осылайша Назарбаевтың айға жуық уақыт қоғамда қызу дүрбелең тудырған кезекті PR акциясы өз мәресіне жетті. Кім ұтты, кім ұтылды? Бұны болашақ көрсете жатар.

Бүркіт қой баяғы

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s