Қостанай облысында таңғажайып суреттер табылды

1 - Сурет

Торғай өңірін зерттеп жүрген археологтар 9 геометриялық өрнек тапқан. (1-2 сурет) Олар бұл геоглифтарды 2007 жылы Торғай үстіртінің ғарыштан түсірілген суретін зерттеу кезінде көрген. Жерде пайда болған құпия бейнелер тек жоғарыдан ғана көзге көрінеді.

Төмпешіктерден жасалған қорымдардың ең үлкені «Үштоғай төртбұрышы» 101 үйіндіден тұрады. Әр қабырғасының ұзындығы 280 метр. Одан басқа, сақина, екі сызықша тәріздес болып келетін фигуралардың да көлемі айтарлықтай үлкен. Әзірге мамандар мұндай нысандар дүниежүзінде жоқ дегеннен басқа ештеңе айта алмай отыр.

«Бұл дүниедегі өте керемет нәрсе, мен еш жерден көрген жоқпын мұндайды. Мен қанша елге бардым, бірақ мұндай жерді көргем жоқ. Бұндай объектілерді ЮНЕСКО қорғау керек. Өйткені бұл тек Торғай облысындағы нәрсе емес, бұл бүкіл Қазақстанға, бүкіл дүние жүзіне ортақ нәрсе деп айтуға болады», – дейді Торғай археологиялық экспедициясының жетекшісі Сапар Ысқақов. Бүгінгі таңда белгісіз нысандардың құ­пия­сын аша алған жоқ. Бедерлі геометриялық суреттерді зерттеу үшін мол қаржы мен материалдық-техникалық база қажет.

2 - Сурет

Жалпы жер бетінде мұндай құпия суреттер (геоглифтар) өте көп. Олардың құпиялары әлі ашылған жоқ. Мамандардың бір тобы бұл сипаттаға белгілерді астрономиялық күнтізбе десе кейбірі планетааралық ғарыш кемелері үшін ұшып-қону айлағы дегенді айтады. Солардың бірі – Перудегі Наска шөлі. Наска шөліндегі суреттерді алғаш рет 1920 жылы америкалық зерттеуші Поль Коссок тапты. Өсімдіктер мен жануарлардың сұлбасы және геометриялық фигуралар бейнеленген 100-ден аса сурет анықталған. Бір қызығы, барлық суреттер еш қиылыспайтын үзіксіз бір түзумен салынған: ұзындығы 50 метрден асатын колибри және 46 метірлік өрмекші, сондай-ақ, кондор, бірқазан, кесіртке (188м) секілді бейнелер бар.  (3-4 суреттер) Наскада бейнеленген өрмекші әлемдегі өте сирек кездесетін түр болып саналады. Оны тек қана Амазония ормандарының ең шеткері және адам аяғы бара бермейтін бөліктерінен кездестіруге болады. Белгісіз «суретшілер» осы жәндіктің, тіпті анатомиялық құрылымындағы микроскоппен ғана көруге болатын бөліктеріне дейін анық бейнелеген.

3 - Сурет

Геоглифтерді зерттеумен айналысып жүрген ғалымдардың бірі – Мария Райхенің айтуынша, бұл астрономиялық күнтізбе болуы мүмкін. Алайда бұл болжам расталмады. Зерттеулер барысында астрономиялық дәлдік деңгейі төмен екені анықталды. Кейбір ғалымдар басында айтып өткеніміздей, Наскадағы суреттерді планетааралық ғарыш кемелері үшін ұшып-қону айлағы болар деген болжам ұсынды. Үшінші болжам – алқаптарды суару жуйесі. Себебі, Наска шөліндегі жұмбақ суреттер сызықтарын дәл бойлай орналасқан құдық жүйелері табылды. Тағы бір нұсқа – суреттер жердің флорасы мен фаунасын бейнелейтін оның паспорты болуы да мүмкін.

Қалай болған күнде бұл суреттердің құпиясы болашақта ашыла жатар. Алайда, бүгінгі техникалық дауымыз әлі де болса көп дүниенің алдында

4 - Сурет

дәрменсіздік танытып отыр. Тек ғарыштан ғана көрінетін бұл суреттердің құпиясы неде? Бәлкім, бұл белгілер расында жер тұрғындарының қолынан шықпаған шығар? Жат ғаламшарлықтардың қолынан шыққан белгі болса, ол нені білдіреді? Әлде…

Бүркіт қой баяғы…

Дүниенің әр түкпіріндегі егістік алқаптарындағы құпия суреттер:

Advertisements

6 responses to “Қостанай облысында таңғажайып суреттер табылды

  1. мен мундай нарселерге катты кызыгам,,жат галамшарлыктар бар,,,,оны мен мен оны аулдын шетинен коргем,,,кешкесин конган

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s