«Үйдегі интернет» қызметі қолжетімді бола түсті

Бүгін  Алматыда «ҚаР-Тел» ЖШС-і   «Үйдегі интернет» қызметін қолданушылардың интернет жылдамдығын екі есеге арттырып, жаңа тарифтік жоспарлар енгізгені туралы баспасөз мәлімдемесін таратты.

«Біз өз абоненттерімізге FTTP технологиясы бойынша жоғары жылдамдықты интернет нарығында ең тиімді ұсыныстар бере алатындығымызға қуаныштымыз. Ендігі жерде әлемдік желіге қосылу қазіргі таңдағы бар «Жылдамдықты» тарифтік жоспарындағы «үйдегі интернет» жылдамдығы екі есеге ұзарып 20 Мбит/с жетеді. Қазіргі кезде Алматыда интернетке мұндай жоғары жылдамдықты тиімді бағамен тек қана Beeline ұсынып отыр», дейді  «КаР-Тел» ЖШС-нің қоғаммен байланыс жөніндегі қызмет жетекшісі Павел Родин.

Оның айтуынша,  олар   «Лимитсіз 3900» және «Лимитсіз 4600» тарифтік жоспарларын іске қосқан. Олардың  жылдамдығы 2 және  Мбит/с.   Қазіргі таңда «Үйдегі интернет» қызметі:  Гоголь-Желтоқсан-Қарасай батыр-Қожамқұлов; Саин-Жандосов-Навои-Рысқұлбеков; Момышұлы-Райымбек-Саин -Жұбанов; Момышұлы-Ұлықбек-Саин-Жұбанов; Момышұлы-Ұлықбек-Саин-Абай, Шаляпин-Саин-Абай-Момышұлы,  Төле би – Саин – Жандосов – Алтынсарин көшелері аумағындағы және  Орбита 1, 2, 3, 4 мөлтек аудандарының тұрғындарына қол жетімді.

Жалпы  «Үйдегі интернет» қызметіне қосылу үшін ақы талап етілмейді және модемді қондыру қажет емес. Талшықты-оптикалық желіге қосылу үшін Fast Ethernet LAN adapter желілік платасы бар компьютер болса жеткілікті. Тарифтер  стандартты қосылу жиынтығымен бірге: пәтерге сымды тарту ақысы, Интернетпен арнайы бөлінген арнамен жұмыс істеу үшін Windows операциялық  жүйесін күйге келтіруді қамтиды.

ҚазАқпарат

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s