Еуропа Қазақтары Құрылтайынан бір сәт…

Еуропа қазақтарының дәстүрлі құрылтайы биыл 21-23 мамыр аралығында Австрияның астанасы Вена қаласында өтті. Құрылтайға Германия, Франция, Ұлыбритания, Голландия, Швеция, Норвегия, Дания, Швейцария, Финляндия және Белгия сияқты Еуропа елдерінде тұратын қазақтар қатысты. Үш күнге созылған ұлы жиынға 800-ге жуық қонақ қатысты. Сонымен қатар, Құрылтайда Қазақстан және Түркиядан келген түрлі ұйым және мекемелер өкілдері мен арнайы шақырылған қонақтар болды. Әсіресе, қатысушылар аарсында саны жағынан жастардың басым болуы ерекше назар аударды.

Құрылтай бойында көптеген мәдени, әлеуметтік және мерекелік шаралар ұйымдастырылып, концерттік бағдарламалар болды. Футбол турнирі өткізілді.

Құрылтайдың алғашқы күні:

Венадағы Еуропа Қазақтары құрылтайының шымылдығы Еуроа қазақтарының мәселелерін талқылауға арналған дөңгелек үстелмен ашылды. Еуропа Қазақ Қоғамдары Қауымдастығының төрағасы Әбдулқайым Кесіжі басшылық еткен сол дөңгелек үстелге Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының бірінші орынбаса Талғат Мамашев және Еуропада табысты қызмет етіп жатқан 10 мәдени ұйымының басшылары мен өкілдері, сондай-ақ алыс-жақын елдерден келген мамандар, қонақтар қатысты.

Дөңгелек үстелден кейін дәл сол күні Еуропа Қазақ Қоғамдары Қауымдастығының бас Ассамблеясының ұйымдық мәселелерін талқылауға арналған жиын өтті.

Құрылтайдың екінші күні:

Құрылтайдың екінші күнінде Еуропа қазақтарының футбол турнирі басталды. Оған еуропадағы 10 мәдени ұйымнан 10 команда қатысты. Бір күнге созылған тартысты бәседе Австрия Қазақ Мәдениеті қоғамының қомандасы басым түсіп, 2010 жылығы Еуропа Қазақ Футбол Турнирінің чемпионы атанды.

Футбол турнирі өте тартысты әрі көңілді жағдайда өтті.  Турнирден кейін Австрия Қазақ Мәдениеті қоғамы келушілерге арнап мерекелік дастархан жасады. Дастарханда қазақтың бауырсақ, қымыз, қазы-қарта секілді ұлттық тағамдары тартылды. Қазақстаннан келген және еуропадағы қазақ бауырларымыздың арасынан шыққан әнші-бишілер өз өнерлерін ортаға салды.

Құрылтайдың үшінші күні:

Бұл еуропа қазақтарың басын қосқан ұлы жиынның соңғы күні боалтын. Австрия Қазақ Мәдениеті қоғамы келушілерді Австрияның көрікті жерлерін аралатты. Келушілер Венаның тамаша жерлерін көріп, аса разы болып қайтты.

Түстен кейін гала-концерт басталып, үш күнге созылған дүбірлі жиын ата-баба жолымен Еупопа қазақтарының тарту-таралғы беру рәсімімен аяқталды. Бұл рәсім Вена қаласының Басқармалық Сарайының (Wiener Rathaus) ат шаптырым залында өтті. Концертті шара барысында Австрия Қазақ Мәдениеті қоғамының төрағы Қызырхан Шолпан және қала мэрі Маикл Хауплдың арнайы өкілі Херр Харваниг, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының бірінші орынбаса Талғат Мамашев, Қазақстанның өкілетті елшісі Ержан Қазықанов және Еуропа Қазақ Қоғамдары Қауымдастығының төрағасы Әбулқайым Кесіжі  қонақтарға арнап сөз сөйледі.

Еуропа Қазақ Қоғамдары Қауымдастығының Төралқасы

This slideshow requires JavaScript.



Advertisements

2 responses to “Еуропа Қазақтары Құрылтайынан бір сәт…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s