Қыздар

Қыздар жайлы,

Бізге сайлы,

Өлең жаз деп сұрадың.

Дақ тұрмаған,

Тарттың маған

Сан ғасырдың шешілмеген сұрағын.

Нұр ғаламнан,

Қыз жаралған,

Табиғаттың таңғажайып гүлі боп.

Сұлулықсыз,

Қыз қылықсыз,

Тірлігіңнің тарам тамыр үні жоқ.

Қыздар елдің,

Туған жердің,

Аққу мүсін нәзігі.

Көңіліңнің,

Өміріңнің,

Алтын тұтқа қазығы.

Қыз туралы,

Жыр туғаны,

Тәңір жазған сыйлығым.

Қыз сипаты,

Титықтатты,

Шабытымның шаң қаптырып жүйрігін.

Ер жігіттің,

Сері үміттің,

Қыздар нағыз киесі.

Мөлшері көп,

Өлшемі жоқ,

Заңдылықтың біз таппаған жүйесі.

Біз жығылар,

Бір ұғым бар,

Қыздар ол –

Ақтық сенім, адамзаттың, адамзаттың иесі.

Белгілі ақын-журналист Мұрат АЛМАСБЕКҰЛЫНЫҢ

Студент кездегі өлеңі болса керек…

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s