Еркек пен әйелдің арасында достық бола ма

Осы еркек пен әйелдің арасында достық бола ма деген сұрақ жиі қойылып жатады. Бірақ, сұрағы қандай қызық болса, қырсыққанда жауабы да сондай «қызық» болып жатады… Көбісі әрине «бар» деп жатса, кейбіреулері әйел мен еркек арасында достық болмайды, ұзамай бұл махаббатқа немесе түсініксіз қатынастарға ұласып кетеді деп фәлсәфа ұрып жатады.  Бәрі дұрыс шығар. Бәрақ менің айтып отырғаным – ері мен әйелі яғни отбасылар арасындағы достық туралы…

Сіз қалай ойлайсыз???

Advertisements

6 responses to “Еркек пен әйелдің арасында достық бола ма

  1. Ерекше тақырыпты қозғаған екенсің. Не деуге болады? Отбасың болмағаннан кейін, нақты жауап айту да қиын екен. Ерлі-зайыпты адамдарды бір бүтін етіп,алланың өзі қосады ғой. Араларында ең басты, махаббат-сыйласымдық-достық тұратыны бесенеден белгілі. Бұнда айта кететін жайт, меніңше,отбасын құрмай тұрып, қыз бен жігіт мектепте немесе бір жоғарғы оқу орнында оқыса, бір салада әріптес болса, сол мезеттердегі достықтан басталған сезім махаббатқа ұласып жатады. Отбасын құрады. Дегенмен,араларындағы *достық* сол мәртебесінде қалатын сияқты. Бірде Дана Нұржігіттің «Рухани әңгіме» бағдарламасына қатысып отырған Жұматай ақынның жары Зайда ханымның «Жардан бұрын,Жұматай өмірдегі ең жақын досым болған еді» деп айтқаны есімде.

  2. Өзіңнің өтінішің бойынша блогыма жазған пікірімді тіркеуді құп көрдім:

    https://akiyk.wordpress.com/ иесі блогында «Еркек пен әйелдің арасында достық бола ма?» атты тақырыпта ой қозғапты. Ерлі-зайыптылар арасындағы достық… Мағынасы терең, жан-жақты талқыға салып, өмірдің сан қырынан қарауға боларлық. Меніңше,бойдақ жандардың көбінің көкейінде жүрген сұрақ. Өйткені, 18-25 аралығындағы жарқылдаған жастықтың отты жылдары зу етіп өте шығады да, күнделікті күйбең тірліктің әсерінен, отау көтеретін жасқа қалай жеткенін білмей қалады. Әсілі, «біреуге бақ ерте,біреуге кеш беріледі»… демекші, әркім уақыты, кезегі келгенде отбасын құрап жатады ғой. Толыққанды азаматсың ба,шаңырақ құруға міндеттісің. Өйткені,табиғаттың заңдылығы солай: ата-ана алдындағы борышың, өмірге саналы ұрпақ әкелу… тағысын тағы кете беретін жалғастық. Әрине, бақытты отбасын кім қаламайды? Жастықтың албырт отымен үйленіп, ажырасып жатқан отбасылары қаншама. «Тағдыр» дейміз де, қоямыз. Ақыл тоқтатып, шаңырақ құру мәселесін қолға алған сәтте, ер балалар жар, аруларымыз күйеу таңдай бастайды. Шектеулері: қарапайым қазақ қызы/жігіті,екі жақтың ата-анасын сыйлайтын, инабатты,тәрбиелі,жүрегінде иманы бар т.б. Оның ар жағында,көкейінде жар таңдауда шатаспай, отбасылық өмірде тыныш өмір сүруді аңсау тұрады. Соның бәрі қай-қайсының болмасын,өз қолында, бәрін де ақылмен жеңе білу,ұмтылу,яғни, сол ДОСТЫҚТЫ қайткен күнде болдыру. Бүгінде, жастардың отбасын құрудан қорқақтайтын ең басты мәселесі осы, жаңағы айтып отырған ДОСТЫҚ сөзінің «төркіні» – өзара түсіністік. Өйткені, қандай жағдай болсын, ең әуелі досыңмен бөлісесің,ол сені түсіне біледі. Саған келіп көмек қолын ұсынатын да досың, ал сол жанның ең бірінші жарың болғанын қаламайсың ба,әрине, қалайсың…?!

    Өмірдегі жайттардан мысал келтіре кетсем,/өз отбасың болмағаннан кейін нақты айту да қиын екен/, ерлі-зайыпты адамдарды алланың өзі қосады. Араларында ең басты, достық -махаббат-сыйласымдық тұратыны бесенеден белгілі. Тағы бір қосарым, бұл жағдай отбасылар арасында бар, яғни, егер жанұя құрмай тұрып, қыз бен жігіт мектепте немесе бір жоғарғы оқу орнында оқыса, бір салада әріптес болса, сол мезеттердегі достықтан басталған сезімдері махаббатқа ұласып, сезім оты жарқ ете оянады. Уақыты келе шаңырақ құрады. Дегенмен,араларындағы «достық» сол мәртебесінде қалатын сияқты. Бірде Дана Нұржігіттің “Рухани әңгіме” бағдарламасына қатысып отырған Жұматай ақынның жары Зайда ханымның “Жардан бұрын,Жұматай өмірдегі ең жақын досым болған еді” деп айтқаны есімде. Өйткені, екеуі де ақын. «Ақын жанын түсінер ақын ғана..» деген өлең жолдары бар ғой, бірінің жүрегіне жетпеген дүниені екінші толтырып отырады. ЖАН-ДҮНИЕНІҢ ТОҒЫСУЫ- ҰЛЫ БАҚЫТ емей немене?! Осы тұста, ұлы ақын Мұхтар Шахановтың «Жетінші түйсік» өлеңінен үзінді келтіре кетсем…

    …Тұрмыстың түрлі сынынан сүрінбей өтті десе де,

    Жұбайың досың болды ма? Міне, бұл – басты мәселе…

    …Тағдырдан қашу мүмкін бе, жүрсең де қандай жолменен,

    Бір мәнді сұрақ алдыңда тұрады ылғи көлденең:

    «Жұбайың досың болды ма самғатқан сезім шырайын,

    Нақ сондай ұлы бақытты берді ме саған құдайым?

    Ойнай ма оның көзінде сезім мен рух жарқылы,

    Ұға ма ол шаттық мұңыңды жетінші түйсік арқылы?…

    Осы өлеңнің өзі-ақ талай ойлар торабына сәуле шашатын сияқты. Махаббат пен достық егіз жүреді,өйткені, ТҮСІНІСТІК -екеуінде де қатар тұратын ұғым, әсіресе,әңгімеге арқау болған «отбасылы жандар арасында».

  3. Әрине,болады. Мүмкін жас кезде,қызып,махаббатқа ұласып кететін шығар. Жас қосылған сайын, сырласып,пікір таласатын дос керек-ақ…

  4. болмайды деп ойлаймын, ойткени 3 жыл дос деп келген адам сонында «касында ериккенен журген жокпын» деп айтты. тагы сол сиякты жайттар коп кездести, мен сенбеймин достыктын болуна

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s