Амола – бізге ғұндардан жеткен сый

Ақмола бекінісінен қалған бір белгі...

Бүгінгі Арқа төрінде бой көтеріп келе жатқан Астанамыздың тарихы патша заманынан сонау 1830 жылдан бастау алады. Дәл сол жылы Батыс-Сібір губернаторы Вельяминовтың Қараөткел аймағында Ақмола деп аталатын төртінші округ құру жөніндегі бұйрығын орындау үшін  қасында екі жүз адамы бар Федор Шубин келіп қаланың қазіргі орнына қазық қақты. 1830 жылдың 28 мамыр күні басталған қала құрылысы 2 жылға созылып, 1832 жылғы 22 тамызда аяқталады.

Бұл әрине, ару Астанамыздың бертінгі «күнделігі» ғана. Көп жағдайларда қаланың сан ғасырлық тарихы бар екені бажайлай бермейміз. Тарихшылардың айтуына қарағанда Есіл өңірінде жатқан осы бір қаланың тарихы тым əріге – ашель – мустьер заманына кететін көрінеді. Оған Астана маңынан табылған алуан түрлі тас құралдар куә болса керек. Өңір халқы біздің дəуірімізге дейінгі VIII-V ғасырлардың егіншілікпен айналысқан.  Оған да қала маңынан әлі де табылып жатқан, сол заманға қатысты қола орақтар мен топырақ өңдейтін құралдар дəлел.

Ақмоладағы Бозақ қаласы, К.А. Ақышевтың графикалық реконструкциясы

Ақмоланың шынайы тарихы сонау Ғұн дәуірінен бастау алады. Тарихи тегіміз саналатын осы бір Ғұн атты алып империясының көсемдері кезінде Сарыарқаның төсінде, Нұра мен Есіл өзендерінің арасында жатқан Тайтөбенің үстіне қамал салып оны «Ақмола» деп атапты. Ғұндардың тілінде «ақ» сөзі – батыс, «мола» – қамал ұғымын білдірсе керек. Сонда Ақмола атауы «Батыс қамал» деген сөз болып шығады. Бұл ғылыми тұжырымды алғаш жазбаша дəлелдеген Византия ғалымы – Прокопи. Оның бұл туралы жазбасы 1939 жылы «Вестник древних истории» журналында басылған дейді ғалымдар. Кейін тарихшы Ғалым Қайратхан қытайдың көне жазбаларына сүйеніп, бұл түйіннің дұрыстығын тағы бір мәрте дəлелдеп өтті.

Рас, елорда төңірегінде кезінде әлемге мәшһүр талай шаһар болған. Солардың бірі – Астанадан қол созым жерде жатқан Батығай (кей деректерде Бытығай деп аталады) қаласы. Бүгінде Батығайдың бір сілемі ғана сақталған. Бүгінгі таңда бой көтеріп келе жатқан теңдесіз құрылыс – «Хан шатыры» мен Батығай деп аталатын  «Жабық қала» өз заманында Қорғалжын елді-мекенінің аумағындағы Тәуке ханның ордасы болған Батығай қаласының заңды жалғасы деп есептеуге болады. Одан басқа да Сұлу там, Сырлы там, Хан сүйегі, Бозақ… секілді қалалар болған екен. Бірақ бүгінде олардан жұрнақ та қалмаған. Археолог әрі өлкетанушы Василий Солочинскидің 1955 жылғы  зерттеулерінде Ақмола шаһарының астында жиырмаға жуық қалашық тапталып жатқаны туралы жазылған.

Қаланың негізгі кəсібі сауда болғандықтан, жиі-жиі жәрмеңкелер ұйымдастырылып тұрған...

1832 жылғы 22 тамыз күні орыс-казактардың ырду-дырдуымен тұсауы кесілген қала бірте-бірте өз іргесін кеңейте береді. 1862 жылғы 23 қазанда Ақмолаға қала дəрежесі берілген. Деректер бойынша сол шақта шаһарда 4777 дворян, үй-жанымен 1320 солдат, 1487 қарулы казак, 130 татар, 1349 орта азиялық, 11 дін иелері, 300-ге жуық қазақ болыпты. Екі май балқытатын, бір сабын қорытатын, тері илейтін зауыт жұмыс істеген. Қаланың негізгі кəсібі сауда болды. Жиі-жиі жәрмеңкелер ұйымдастырылып тұрған.

Жалғасы бар…

Бүркіт Нұрасыл

Advertisements

One response to “Амола – бізге ғұндардан жеткен сый

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s