Астанада Абайға екінші ескерткіш ашылды

«Қалың елім, қазағым – қайран жұртым, ұстарасыз аузыма түсті мұртым…» деп Алты Алаштың қамын жеген хакім Абайға елордамыздан тағы бір тағзым. Астананың туған күні қарсаңында ұлтымыздың рухани ағартушысы Абайға арналған ескерткіш ашылды

Қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлының еңселі ескерткішінің ашылу салтанатына мемлекеттік хатшы мен қала әкімі бар сондай-ақ, бір топ билік өкілдерін Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бастап келіпті. Қасым-Жомарт жалпы биіктігі 18 метр болатын таза қоладан құйылған алып монументтің алдында тебірене тұрып сөз сөйледі: «Ұлтымыздың рухани ағартушысы, халқына мәңгілік өшпес мұра қалдырып, қазақ әдебиетін әлемдік деңгейде мойындатқан, майталман классигіміз Абайға тағзым ету біз үшін аса жоғары мәртебе. Кемеңгерлік пен даналықтың символы Абай Құнанбайұлына елордамыздың төрінен қойылған осы ескерткіш бүгінгі еңсесі биік, мерейі үстем, береке-бірлігі жарасқан халқымыздың лайықты мақтанышы болмақ. Абай бейнесі әр қазақтың жүрегінде. Өлмейтұғын артына сөз қалдырған Құнанбайұлының құдіреті сонысымен құнды. Сондықтан бұл мүсін қалың бұқарасын қараңғы түнек қапастан құтқаруға қам жеген ұлы ұстазға деген құрметтің тағы бір бөлшегі», – деп атап өтті ол.

Ескерткіш Абай мен Бейбітшілік көшелерінің қиылысындағы алаңда қойылды. Салмағы 10 тонна. Ескерткіштің ашылуына ақын ұрпақтары да арнайы келіпті. Сондай қуанышты жанның бірі – Балтабек Ерсәлімов. Ол – Хакім  Абайдың немере жиені екен. «Ескерткіш көңілімізден шықты. Мен кәдімгідей нағыз Абай атамды көргендей болдым, оның халқымызға қарап бірге келе жатқандай сезіндім», – десе Абай атымыздың тағы бір ұрпағы Ләйлә Баймағамбетова: «өте келбетті, өте сондай тірі сияқты екен», –деп алматылық мүсіншінің қолынан шыққан туындығы сүйсініп жатты.

Иа, Астана төрінде осымен екінші рет ескерткіш қойылған Абай Құнанбайдың рухани бейнесін қара сөзбен айтып жеткізе алмаспыз, әрине. Оның үстіне атағы алысқа кеткен кемеңгер туралы тәпіштеп жазып жатудың қажеті де шамалы. «Соқтықпалы соқпақты жерде өстім, мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма» деп өз заманында қазақтың ұлы ойшылы, кемеңгер ақын Абай осылай жырласа, бүгінде оның артындағы қалың елі бабасының өсиетін жадында сақтап, есімін ешқашан ұмытпақ емес. Бұған біз сөз еткен алып мүсін куә болса керек.

Тек бұл сөзіміз кемеңгер Абай атамыздың есімін орынсыз пайдаланып, қонақ-үй кешені мен моншасы мен сүйкімі жоқ дүние насыбайға таңып жүрген әпенділерге сабақ болғай!!!

Advertisements

One response to “Астанада Абайға екінші ескерткіш ашылды

  1. Ескерткіштен не пайда, мәңнүрттенген ұрпағы Абайды танымаса, оны оқымаса?! Ескерткіш деген не тәйірі. Бастысы әрі маңыздысы, үшін-насихат жұмыстары сияқты. Абайды ескерткішпен емес, оның қалдырған әдеби-рухани мұрасымен таныту керек.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s