Қошқар қалай «әулие» атанып жүр?

Еламан атты "әулие қошқар" осы...

Естімеген елде көп, Талдықорғанда Еламан деген бір қошқар (кәдімгі қойдың атасы) күтпеген жерден әулиелік қонып жегі құрт – сыбайлас жемқорлықпен күресіп жүр деген сыбыс шықты. Бақсақ – бақа екен демекші, бұл сыбыс рас екен. Бүгінгі таңда әулие қошқар бір топ қолдаушыларымен бірге Қазақстанды аралап, жол жүріп кетіпті. Жарықтық қошқардың ондағы ойы – шенділер мен шекпенділер игере алмай отырған жемқорлықтың тамырына балта шабу болса керек…

«Әулиенің» папасы  Рысбай Оқуұлының айтуынша, Еламан ерекше жаратылған қошқарға ұқсайды. Ол оны қозы кезінде Қазақстандағы қасиетті жерлерді аралап жүріп, 1999 жылдың 1 мамырында Арыстанбаб кесенесіне жақын жерден тауып алған. «Атын атап шақырсаң, қарайды. Автокөлікпен жүргенді жақсы көреді. Көкөніс пен жемісті рахаттанып жейді. Әсіресе, құлпынайға құмар-ақ», – деп Оқуұлы Азаттық радиосына сұхбат беріпті.

Ең өкініштісі көптеген адамдар Еламан қошқардың айрықша күшіне сенгегі сондай қайда барса да уылдап-шуылдап ереп жүретін болған. Қатырып тұрып суретін салып, оның артына көпіртіп тұрып жазылған тілектерге толтырып алған. Кейін білдік, 11 жасар «әулие қошқардың» ғана сурет емес  төлқұжаты да бар екен. Картинаның артқы жағына жазылған тілектердің саны әлдеқашан-ақ мыңнан асып кеткен көрінеді…

Осыдан соң Дарвин атамызды босқа жазғырып жүрген жоқпыз ба деген сауал туындайды екен. Адамдар қайтадан маймылға айналып бара жатқан жоқ па?

Материалдар www.azattyq.org сайтынан алынды

Advertisements

2 responses to “Қошқар қалай «әулие» атанып жүр?

  1. Дарвиндікі — сандырақ. Оны ойлап жатудыңқажетжоқ сияқты. Ал мына қошқар адам боп жаратылып, малдан да төмен халге түскен бейшараларға бір үлгі боларлық, ой саларлық жаратылыс болар. Өз көзіммен көрмегеннен кейін де көп нәрсеге көп қанық емеспін.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s