Ақмола – бізге ғұндардан жеткен сый (жалғасы.)

1881 жылы салынған бұл собор Ақмола бекінісіндегі ең танымал ғимарат болған.

Кезінде архитектуралық кескінділігімен ерекшеленген ғимараттардың бірі – Александр-Невский соборы болыпты.  Бізге 1881 жылғы 12 мамырда тұрғызылған бұл алып нысанның тек суреті ғана жеткен. Ол Александр үшінші мен отбасының құрметіне салынса керек. Собордың сəулетшісі – тобылдық инженер-технолог Павел Голышев. Большевиктер 1940 жылы қиратып тастаған.

Сондай-ақ, қалада бір класты училище, мешіттің жанынан (бұл бұрынғы орталық базардың жанындағы үлкен мешіттің орнында болған. 1920 жылы қызылдар өртеп жіберген) татар мектебі ашылған. 1868 жылы Ақмола уезд орталығына айналды.

Ақмола бекінісінде ең алғаш бой көтерген ғимарат бекіністің негізін қалаған Федор Шубиннің әскери казармалық бөлімшесі болды. Казармалар Есіл өзенінің жағалауында жатқан қазіргі № бірінші лицейдің аумағында болған. Бұлардың ең соңғысы 1973 жылдың қыркүйек айына дейін тұрыпты. 1890 жылдары Ақмоланың орталық алаңында екі корпустан тұратын бір этажды дүкендер, қонақ жайлар салынады. Жеке секциялар мен дүкендер шеттен келген саудагерлерге жалға берілетін болған.  Қазір бұл қонақ жайларлардың орнында «Sine Tempore»  сауда орталығы орналасқан. Сондай ғимараттрдың бірі – «Метеор» кинематографы. 1910 жылы іргесі қаланған  жекеменшік «Метеор» кинематографы қазіргі Желтоқсан-Кенесары көшелерінің қиылысындағы сауда орталығының орнында болған ағаш үйге орналасқан.

Бекіністе Сəкен Сейфуллиннің ұйымдастыруымен 1917 жылы тұңғыш қазақ «Тіршілік» газеті жарық көрген. Редакциясы Астана қаласындағы «Абай» қонақ үйіне таяу жердегі екі қабатты ғимаратта болған. Өкінішке бұл ғиарат бізге жетпеген. Сондай-ақ, 1920 жылы 1 қазанда ашылған драма театры, атақты саудагер Семеновтың үйі деген тамаша құрылыстар болған. Семеновтың үйінің орнына тың игеру жылдары «Москва» қонақ үйі салынды. Соңғы жылдары адам танымастай өзгертілген бұл нысанда көпке дейін Қазақ ақпарат агенттігі отырды.

Ағайынды Қосшығұловтар осы өңірде алғаш рет конфет фабрикасын іске қосқан. Бұл ғимараттан да бүгінде із жоқ. «Абай» қонақ үйі салынғанда ысырылып тасталған дейді көз көргендер.  Конфет фабрикасына төңкерістен соң түрлі мекемелер орналасты. Басында айтып өткен «Тіршілік» газетінің редакциясы да біраз уақыт осында болды. 1928 жылы қалада қуаты 18 квт-тық электр станциясы іске қосылыпты Деректерге қарағанда одан тартылған электр желісінің ұзындығы 8 шақырым аумақты қамтыған.

Алайда, аумалы-төкпелі заманға қарамастан көптеген нысандар жақсы сақталып қалды. Бұл ғимараттар күрделі жөндеуден өтіп түрлі мекемелерге қалқан болып, халық игілігіне жарап отырғанын айту керек. Бүгінде қалада тарихи мәні зор 40-қа жуық тарихи–мəдени орындар бар екен. Олардың 16-сы жергілікті дəрежедегі, екеуі республикалық дəрежедегі ғимараттар. Соңғыларының бірі деп Тың игерушілер сарайы (қазіргі Конгресс-холл мəдениет сарайы) мен  Отырар көшесіндегі Сəкен Сейфуллиннің үйін айтуға болады. Ол үйде ол қазақ балаларына сабақ берген.

Казенцевтің үйі

Зұлматты жылдардан аман жеткен жәдігерлердің бірі – көпес Казанцев салдырған үй.  Ол бүгінге дейін өз қалпын бұзбай  сақталған үйлердің бірі. 1846 жылы салынған бұл құрылыс сексенінші жылдардың соңында Сəкен Сейфуллиннің мұражайына айналды. Оған жапсарлас салынған үйде Благовеценский деген дəрігер тұрған екен.

Атақты көпес Казанцев салдырған үй. Бүгінде бұл жәдігер Сәкен Сейфуллиннің мұражайы.

Көпес Кубриннің үйі:

Жиырмасыншы ғасырдың басында Ақмоладағы ең үлкен үй – Василий Кубриндікі болатын

Қаладағы ең үлкен үй – Василий Кубриндікі  болатын. Бұл үй бүгінгі уақытқа дейін сақталған. Кубриннің үйі 1910-1912 жылдары тұрғызылған. Ауласында ағылшын стилінде бақ болған. Кәсіпкер әр ағашты өз қолымен отырғызыпты. Ол ағаштар қазір де сақталған. 1913 жылы Василий Кубриннің үйін «Ресей» сақтандыру қоғамы 40 мың рубльге бағалаған. Яғни, сол кездегі баға бойынша, 700 жылқыға тең. Отызыншы жылдары бұл үйді НКВД иеленді, кейін милиция басқармасына айналды. Соңғы жылдарды өлкетану мұражайы қоныстанды. Кеңесары және Әуезов көшелерінің қиылысында орналасқан ол үйде қазір Украина елшілігі орналасқан.

Жалғасы бар.

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s