Ақмола – бізге ғұндардан жеткен сый

Ардагерлер емханасы
Астанадағы тарихи ғимараттардың санатындағы бүгінгі ардагерлер емханасын көпес Моисеев тұрмысқа шыққан қызы үшін салдырған. Құрылыс біткенде қалада қызылдар төңкерісі болады да, көпестің дүние-мүлкі тәркіленіп, қызы Қарағандының жанындағы Долинка концлагеріне айдалады. Мұнда кейін Ақмола уезінің Совдепі болыпты. Ресей коммунистік партиясының уездік комитетіне, одан соң облыстық кеңестің атқару комитетіне беріледі. Ұзақ жыл облыстық партия комитетінің емханасы болды.

Константин-Еленинский шіркеуі
Константин-Еленинский шіркеуі 1850 жылдары әскери бекіністің жанында қазіргі Қажымұқан стадионының орнына салынған.

Константин-Еленинский шіркеуі 1850 жылдары әскери бекіністің жанында қазіргі Қажымұқан стадионының орнына салынған

Ол  да – өзінің бастапқы сәулет кескінін сақтап қалған ғимараттардың бірі. 1900 жылы христиан дінінің өкілдері қиратылып кету қаупін ерте аңғарып, қазіргі тұрған жеріне көшірген секілді.

Тарихтан сыр шертіп тұрған тағы бір ғи

Константин-Еленинский шіркеуінің қазіргі көрінісі

маратта бүгінгі таңда Тұрғын үй департаменті отыр. Қабырғасы 1915 жылы қаланған ғимарат бастапқыда солдаттарды емдейтін орталық болды. Большевиктер төңкерісінен соң Халық үйі атанды, кітапхана, тарихи-өлке тану мұражайы, орыс драма театры орналасты. Бір өкініштісі, тарихи жәдігерлерді өз көзімізбен көруге барғанымызда талай зұлматты бастан өткерген ғимараттың қабырғасы шіріп, кей тұстары құлап жатқанын көрдік.

Қазіргі орыс драма театры
Қала Ақмола атанып тұрған кезде бой көтерген ғимараттың бірі деп қазіргі орыс драма (3-сурет) театрын айтуға болады. Шаңырақ көтерген кезі – 1943 жыл. Сол тұстарда театр сахнасында Мұхтар Әуезовтің «Еңлік – Кебек», Ғабит Мүсіреповтің «Қозы-Көрпеш» пьесалары қойылған. Алайда саяси режим қала басшылары өзін-өзі ақтай алмайды деген желеумен 1948 жылы қазақ тобын жауып тастаған. Ұлттық театр арада 42 жыл өткен соң, яғни 1990 жылы ғана ашылды.

1943 жылы шаңырақ көтерген қазіргі орыс драма театры

С.Сейфуллин атындағы Аграрлы университет
Ол – қаладағы алғашқы жоғары оқу орны. 1958 жылы құрылған аталмыш оқу орны Ақмола ауыл шаруашылығы институты деп аталған.

P.S. Рас, бұл ескерткіштер елордамыздың бірегей келбеті мен баға жетпес байлығы екені рас. Тарихтан сыр шертіп, қалқайып тұрған осы бір ескерткіштердің тәрбиенің тереңінен нәр алған қазақтың талай ұл-қыздарына рух беретіні аян. Алайда сол жәдігерді аралап көріп жүріп, көп дүниелердің кемшін түсіп жатқанын аңғардық. Мемлекеттің арнайы қорғауына алынған сол ғимараттардың маңдайшасы мен бұрыштарынан бірен-сараны болмаса, ешқандай соққан белгі таба алмадық. Қашан салынғаны, онда кімдер отырғаны немесе тарихи маңызы тәптіштеліп жазылған тақташалар тұрса нұр үстіне нұр емес пе? Әрбір тарихи нысанның жанында осындай тақталар тұрса қасынан өтіп бара жатқан кез келген жанның бойын «бұл жерде Алаш аманатын көтерген абзал ағаларымыз отырыпты-ау» деген рухты сезім шарпып өтпес пе еді?! Көбісі ескіріп, мүжіліп жатқаны аңғарылып тұрды. Бұл түрімізбен «темір қазық жастанып, қу толағай бастанып» ( Махамбет) жүріп қол жеткізген Тәуелсіздігіміздің жалауын биік ете аламыз ба? Бұл ұсыныстарымыз елордамыз Астананың алдағы мерейтойында ескерілер деген үміттеміз.

Соңы

Бүркіт НҰРАСЫЛ

Advertisements

One response to “Ақмола – бізге ғұндардан жеткен сый

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s