Кенесарының түбіне жеткен Ресей патшалығы емес, қазақтың өзі

Уәлихан ҚАЙСАРОВ, Кенесары қорының президенті:

– Уәлихан Әбішұлы, Алаш баласы үшін қанын төккен, кешегі хандарымыздың соңғы тұяғы – Кенесары ханның басын елге қайтару жолында шетелге барып, біраз еңбектеніп қайтыпсыз. Әңгімемізді осыдан бастасақ?

– Кенесары Қасымұлы – қазақ халқының сонау Ұлытау жерінде ақ киізге отырғызып сайлаған соңғы ханы. Ол – қазақ елін жеке, өз бетінше бөлек ел етсем деп армандаған, әрі осы ұлы арман жолында өз өмірін сарп еткен бірегей тұлға. Тарихи маңызы өте зор тұлға. Ең қымбат дүние адамның өмірі, халықтың намысы, бостандығы, азаттығы екені белгілі. Кенесары бабамыз осы арман жолында күресті. Оқуды жалғастыру

Ұлыбритания қазақтарына ана тілінен ажырап қалу қаупі төніп тұр

Хакан Одунжу, Ұлыбританияның Кардиф қаласындағы Гламорган университетінің ғылыми қызметкері әрі оқытушысы, электрондық-инженерлік ғылымдардың докторы, профессор, Еуропадағы Қазақ қоғамдары қауымдастығы төрағасының орынбасары: Оқуды жалғастыру

Шетелдерде қазақтардың кеңестік кезеңде тәуелсіздікке ұмтылмағаны, күреспегені туралы пікір басым

Әбдіуақап Қара, Мимар Синан көркемөнер университетінің (Түркия) профессоры, тарих ғылымының докторы:

– Әбдіуақап аға, сіз соңғы кездері сана тәуелсіздігі жайында жиі айтып жүрсіз. Бұл өзі сонда нені білдіреді?

– Біз қазақ халқы жеке ел болып, тәуелсіздік алғанымызға 2011 жылы 20 жыл толады. Осыдан 18 жыл бұрын Кеңес Одағынан босап шықтық. Сөйтіп, саяси тәуелсіздікке қол жеткіздік. Саяси тәуелсіздікке бір күнде қол жеткізуге болады. Оқуды жалғастыру

Маған генерал атағын алып берген – қазақтың өзі

Жекей ҚАЛИОЛЛАҰЛЫ, Моңғолия Ұлы Хуралының (Парламент) депутаты, Қарулы Күштерінің генералы:

– Жекей мырза, жаһанды жалпағынан басқан қазақ халқының бір бөлігі сонау Алтайдың Қобда бетін мекен етіп қалды. Мекен еткен аумағы бөлек болғанымен, жүрегі «атамекенім» деп соққан қазақтың бүгінгі жай-күйі қалай?

– Рух кернеген қайсар жүрегі мен білегіне ғана сенім артқан қазақ халқының табаны тимеген әлемде жер жоқ шығар, сірә. Бүгінде өздеріңіз білесіздер, талай зұлмат заманды бастан өткерген қазақ халқы қазір әлемнің 44 елінде жүр. Бұлар өзінің елінен, атақонысынан еріккендерінен немесе байлық іздеп кеткен жоқ. Оқуды жалғастыру

Желтоқсан оқиғасынан жалпыұлттық мүдде емес, жеке бас мүддесін іздеуден аса алмай жүрміз

Әбдіуақап Қара, Түркиядағы Мимар Синан көркемөнер университетінің профессоры, тарих ғылымының докторы, түркітанушы:

– Әбдіуақап аға, сіз саналы ғұмырыңызды ғылымға арнап келе жатқан адамның бірісіз. Соның ішінде қазақ тарихына қатысты еңбектеріңіздің өзі бір төбе. Бірде азаттық идеясын ту етіп ұстаушылардың бірегейі – Мұстафа Шоқайдың өміріне қатысты Түркістан легионы туралы ақиқатты ашқыңыз келетінін айтып едіңіз. Осы арманыңызға жеттіңіз бе? Оқуды жалғастыру

Тіл – тәуелсіздігіміздің басты тірегі

Жақында Үкімет үйінде Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы таныстырылды. Орындала қоюы неғайбыл бағдарламаны жарты сағат бойы таныстырып шыққан Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхамед өз сөзінде әлемдік тілдерге қатысты қорқынышты деректер келтіре кетті. Оқуды жалғастыру

«Бо» тілі өлді, «Силец» тілі көр аузында тұр

Жуықта BBC  агенттігі «Бо» тілінде сөйлейтін ең соңғы адамның қайтыс болғанын жариялады. Осылай 70 мың жыл өмір сүрген тіл мәңгілікке көз жұмды.

Бұл жөнінде лингвист-профессор Анвит Абби:  «Бұл тілде сөйлейтін жалғыз адам Боа Ср  85 жасында қайтыс болды. Ол өзімен бірге әлемдегі ең ежелгі тілдердің бірін алып кетті. «Бо» тілінің өлуі үнді мәдениеті үшін орны толмас шығын» деді. Оқуды жалғастыру