Астанада бір топ борышкерлер мен үлескерлер аштық жариялады

Астанада бір топ борышкерлер мен үлескерлер аштық жариялады. Олар мұндай қадамға амалдары әбден таусылған соң барып отырғандықтарын айтады. Елдегі банктердің жұмысына және үкіметке деген сенімдері жоғалған.

«Жергілікті соттың, әкімдіктің, тіпті «Нұр Отан» партиясының табалдырығын тоздырдық», – дейді үлескерлер. Арасында ипотекалық несиесін төлей алмай баспанасынан айырылып қалғандар, үйлерінің құрылысы аяқталмағандар және үлескер ретінде екі пәтерге ақша салып, екіншісін ала алмай жүргендер де бар. Аштық жариялағандардың саны 500 адамға жуықтайды. Олар бұл пәтерде күніне 7-8 адамнан жиналып, кезектесіп отыруды жоспарлаған. Тіпті арнайы кесте жазып қойған.

Қанат Шәріпов, үлескер: – Мемлекет жастарға көмектеспей-ақ қойсын… Бірақ, ең болмаса сол жастардың өз еңбегімен сатып алған пәтерлерін алуға көмектессе ғой. Біз мысалға екінші пәтерімізді ата-анамыз үшін немесе балаларымыз үшін алдық.

Ғабит Ұзақбай

КТК телеарнасы

1 responses to “Астанада бір топ борышкерлер мен үлескерлер аштық жариялады

  1. Кеше КТК-ның жаңалықтарынан да көріп едім. Бәрі әділетсіздіктің кесірі ғой…

Leave a reply to Тоты Жауап беруден бас тарту