«Бо» тілі өлді, «Силец» тілі көр аузында тұр

Жуықта BBC  агенттігі «Бо» тілінде сөйлейтін ең соңғы адамның қайтыс болғанын жариялады. Осылай 70 мың жыл өмір сүрген тіл мәңгілікке көз жұмды.

Бұл жөнінде лингвист-профессор Анвит Абби:  «Бұл тілде сөйлейтін жалғыз адам Боа Ср  85 жасында қайтыс болды. Ол өзімен бірге әлемдегі ең ежелгі тілдердің бірін алып кетті. «Бо» тілінің өлуі үнді мәдениеті үшін орны толмас шығын» деді.

Келесі кезек Американың Орегон шатына қарасты Силец резервациясындағы үндістер қолданған «Силец» тіліне келіп тірелді.  Өйткені, бұл тілдің жаны ең соңғы адамға ғана ілініп  тұр. Ол өлген күні «Силец» тілі мәңгілікке жол тартады.

Одан кейінгі кезекте «Кет» тілі тұр. Бүгінде бұл тілде 200-дей ғана адам сөйлейді. Кет тілі орталық Сібірдің жоғары Енисей жазығындағы кейбір ауылдарда ғана сақталған. Сөйтіп Кет тілі де өлім алдында.

Бүгінде әлем халықтары 6800-ге жуық тілде сөйлейді.  Кейбіреулерінде  жазу жоқ, дыбыс ғана бар.  Ал осы тілдердің 96 пайызын әлем халқының 4 пайызы ғана қолданады.

Лингвист Андерсонның айтуынша, азшылық ұлттардың тілдері іскерлік жағдайда көп қолданылатын тілдерді үйренгенде ұмытыла бастайды. Үстемдік құрушы елдің тілдері азшылық топтардың тілін қолданыстан ығыстырып шығарады.

Ресейдің өзінде жоғалу қаупі төнген 136 тіл бар. Мамандар: «2100 жылға дейін әлемде 3500 тіл өледі» деп болжап отыр. Сөз жоқ соның бірі – Қазақ тілі. БҰҰ-ның есебі бойынша «қазақ тілі» өлетін тілдер қатарына жатқызылған. Әлемде мынадай бір тәжірибе бар. Кейбір тілдерді өлтіру үшін, оны әдейі дамытқан сыңай көрсетіп, қомақты қаржы бөліп, халықты алдайды. Бірақ ондай тілде Үкімет орындары сөйлемейді, сол тілге жаны ашымайтын адамдарды билікке тартады. Сөйтіп, жыл өткен сайын тынысын тарылтады да, 50-60 жылдан соң не өлтіреді, немесе қолданыстан біржола шығарып тастайды.

Намыс журналынан

Advertisements

3 responses to “«Бо» тілі өлді, «Силец» тілі көр аузында тұр

  1. Соңғы қазақ өмірде қалғанша қазақ тілі жоғалмайды деп сенемін. Дегенмен, тілді өлтірмеу жанталасқан күресті талап етеді. Адам табиғатында жалқау. Оның ішінде қазақтың «ертеңі» таусылмайды, өзін мәңгілік ғұмыр кешетіндей көреді. Өкінішті-ақ. Тіл жоғалған күні өзінің де жоғалатынын білмейді.

  2. Иа, Арал мырза, дұрыс айтылған пікір! тілді өлтірмеу үшін бүгіннен бастап жан таласқан абзал емес пе? Алайда біздің қоғам әзірше марғау жатыр. Қаншаға созылады, бір аллаға ғана аян…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s