Астанадағы аштық акциясына саяси партиялар үн қосып жатыр

Астанада он шақты күнне бері билік иіріміндегі келеісіздіктерге қарсы аштық жариялап жатқан үлескерлерге ақыры саяси партиялар да үн қоса бастады.

Ең алдымен олардың табанды қарсылық шарасына тіркелмеген «Алға» партиясы рухани қолау білдірсе, кейін  «Азат» партиясы мен екпінді коммунистер тобы қосылды. Қолдау білдірген саяси ұйымдардың өкілдері үкіметке жүгенсіз кеткен құрылыс салушыларды құрықтап, олардың үстемдігін тоқтатсын деп мәлімдеме жасаса, батыл қадамға барған «Алғалықтар» еліміздің мәңгілік президенті – Нұрсұлтан Назарбаевты орнынан кетсін деп айтып жіберген.

Бүгінгі таңда қоғамдағы келеңіздіктерге байланысты ашықтан-ашық қарсылық білдіріп аштық жариялау үйреншікті әдетке айналып бара жатқанымен бұндай шараның дәл Астанада өту бұрны-соңды болмаған жағдай. Тіптен ерлік деуге де болады. Бірақ ресми билік бұл қарсылыққа ешқандай жауап қатқан жоқ. Халық билігі жолында біраз еңбек етіп келе жатқан «Лайықты баспана үшін» қозғалысының белсенділері де аштық жариялаушыларға қолдау білдіріп, үкіметтен нақты шара қолдануларын табанды түрде талап еткенімен, әзірге нәтиже жоқ. Жағдай керісінше күн санап шиеленісіп бара жатыр деуге де болады. Осыдан бірнеше күн бұрын отандық бұқаралық ақпарат құралдары қарсылық акциясын өткізіп жатқан үш үлескердің денсаулығы сыр беріп ауруханаға жеткізілгенін жариялады. Бүгінгі таңда олардың он үші ашығу акциясын әлі де жалғастырып жатқаны белгілі болды.

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s