Тіл – тәуелсіздігіміздің басты тірегі

Жақында Үкімет үйінде Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы таныстырылды. Орындала қоюы неғайбыл бағдарламаны жарты сағат бойы таныстырып шыққан Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхамед өз сөзінде әлемдік тілдерге қатысты қорқынышты деректер келтіре кетті. Министрдің айтуынша, дәл қазіргі уақытта дүниежүзінде 7048 тіл бар екендігі анықталған. «Зерттеушілердің пайымдауынша, әрбір екі апта сайын бір тіл жойылып отырады екен. Жер бетіндегі өсімдіктердің 8, сүтқоректілердің 18 ал тілдердің 40 пайызы жоғалудың аз-ақ алдында тұр.  Алдағы бір ғасыр ішінде тілдердің тең жартысы жер бетінен жойылып, келмеске кетеді. Тілмен бірге оны дүниеге әкелген ұлт та бүкіл ұлттық бомыс бітімінен айырылып, біртіндеп тарих сахнасынан орын босатады», – деп атап өткен министр қазақ тілі руханиятымыздың, ұлттық болмысымыздың, мемлекеттігіміздің, тәуелсіздігіміздің басты тірегі екенін мәлім етті. «Ендеше, тіл біз үшін, яғни барша қазақстандықтардың (қазақ елінің дегенде ғой…) мемлекеттік тілі – қазақ тілі руханиятымыздың, ұлттық болмысымыздың, мемлекеттігіміздің, тәуелсіздігіміздің басты тірегі болып табылады. Бүгін таныстырылып отырған мемлекеттік бағдарлама жобасы, ең алдымен мемлекеттік тілді алдағы он жыл ішінде дамытудың негізгі бағыт-бағдарын көрсетуге арналған», – дейді М.Құл-Мұхаммед.

Министр рас айтса, Қазақ елі өз егемендігін алып, тәуелсіз ел болғалы жиырма жылға жуықтаса да талай дауға арқау болған, сан ғасырлық тарихы бар қазақ тілінің бағы жанатын күнде алыс емес секілді.

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s