Экс-Түркіменбашы тұғырдан қуылды

«Бұйрықсыз сөйлеген құйрықсыз қалады». Көзі тірісінде өзіне таза алтыннан 12 метрлік алып ескерткіш орнатқан Түркіменстан Президенті Сапармұрат Ниязовтың дәурені көп ұзаққа бармады. ВВС  агенттігі Ашғабадта     елдің   бұрынғы  Президенті Сапармұрат Ниязовтың   алтын жалатылған      және айналмалы ескерткіші  орнатылған    Бейтараптылық Аркасын    қирату жұмыстары аяқталғаны туралы хабар таратты. Оқуды жалғастыру

Шымкенттің су қоймаларында медуза пайда болды

Соңғы жылдары тылсым табиғат алуан-түрлі мінез танытып жүр. Шымкенттегі жасанды су қоймаларының бірінде, тропикалық су жәндіктері пайда болды. Дәлірек айтсақ, мұнда медузалар, тіршілік ететін болып шықты. Оқуды жалғастыру

Іш киім…

Астана халықаралық аэропорты.  Ағылшын, Француз, Қазақ үшеуі өткізу бекетінен өткелі тұрады.
Ағылшыннын чемоданынан 7 іш киім шығады.

–  Бірнеше іш киімді қайтпексің?

Ағылшын: – Аптаның 7 күні бар емес пе, Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі…. әр күнге біреу ғой,  дейді. Оқуды жалғастыру

Тойға шақыру…

Құрметтi Абонент!

Сiздi ұлымыз Activ пен келiнiмiз Kcell-дiң үйлену тойына шакырамыз. Той Nokia қаласы, Samsung көшесi Beelinе тойханасында 18 единицадан 30 бонус кеткенде болады. Той иелерi: Pathword және Neo

Акон дейтін қара бала қазақың әнін айтып жүр…

Е, бұл заманғы жаңа технология не істетпейді дейсің?! «Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызды» деп мәз болып жүргенде ғарышқа да барып келіп қойыппыз-ау! Компьютерлік технология небір ғажайыптарға қол жеткізіп жатыр. Осындай «ғажайыптың арқасында» мен де бір қырымды ашып отырмын. Бәлкім біреулерге «ойыншық» көрінгенмен мен үшін «баға жетпес» туынды екені даусыз. Американың қара баласын қазақша сөйлетіп көрдім. Сабазың тап-тамаша айтады екен… Тыңдап көріңіздер… Бәлкім біреуге ұнап жатар.

Қазақтың тамаша бір әнін өздеріне айтпай бұрмалап алғаным үшін Жұбан ағамыз бен Ерболат бауырымыз ренжи қоймас деген ойдамын…

КӨК БАЙРАҚ – ҚОҚЫС ТАСИТЫН ЗЕМБІЛ

Бұл материал негізі  осыдан екі жыл бұрын «Заң» газетіне басылған болатын. Кезінде біраз қоғамдық пікір тудырып барып басылып қалған. Көк байрағымызды қоқыс тасып жүрген қарындастардың қолынан алып көкке көтеруге әбден құлданып қалған санамыз жол бермеді. Содан бері біршама уақыт өтті. Алайда, рәміздеріміздің бұлайша аяққа тапталуы оқиғалары жиі қайталанатын үрдіске айналып алды. Оған бір мысал, блогымда өткенде «Қазақстан» сөзін теріс қаратып алып жазып жүрген жастарымыз туралы материал қойған болатынмын… Оқуды жалғастыру