Шәйдің «құйыршығы» немесе жәй ғана шәй туралы хихаят

Адам болған соң әр-түрлі жағдайларға ұшырап жатамыз. Көбісі есте қала бермейді, кейбірін тіптен мүлдем елемейміз де. Алайда, езуіңе еріксіз күлкі үйіріп еске түсе беретіндері де болады екен. Сіздерге қарап отырғанша, солардың бірін айта кетейін…

Бәріне де сол Астанадағы «Үрімші» дәмханасындағы оқиға қызықты сияқты. Сол жердегі даяшы қыздардың қылығын айтам да… Астанамыз – Астананың ми қайнатар ыстық күндерінің бірінде (ұмытпасам, өткен аптаның аяғы) біреулерде шаруам болып  күнге қақталып аялдамада тұрмаймын ба? Жаңа айттым, күн ыстық болған соң аялдама маңындағы «Үрімші» деген дәмханаға кіріп бір кесе шәй ішейін  деген оймен бас сұқтым. Кіріп: «бір кесе шәй беріңіз» деп сұрадым. Даяшы қыз бетіме қарап тұрып: «кесемен бе әлде, шәйнекпен бе?» деп қояды. «Бір кесе!» дедім (ішімнен күлкі қысып барады)

Бір мезетте қызымыз ыдыс-аяғын шарқылдатып жүріп бір кесе шәй, туралған бір таба шелпек-нан алып келіпті. Мен «рахмет, шелпек жемеймін» деп кері қайтарып жатсам әлгі қыз онда «нан әкелейін бе» деп қарап тұр.

Бар болғаны, осы… Бәлкім, сізде бір қызыққа тап болған шығарсыз? Жалықпасаңыз жаза кетіңіз………………..!

Advertisements

3 responses to “Шәйдің «құйыршығы» немесе жәй ғана шәй туралы хихаят

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s