Оғландарымыз Натсқазақтың Конституциясын насихаттап жүр

Еліміздің ертеңгі көшін бастайды деп үміт етіп жүрген отандық жастар ұйымының жетекшілері Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай ерекше патриоттық шара ұйымдастырып отыр. Жастар конгресі атқарушы директорының орынбасары Шахмардан Байманов республика жұртшылығының 50 пайызына жуығын қамтитын «Конституция – әр үйге» атты республикалық-патриоттық шарасы басталғанын хабарлады.

«Бұл патриоттық шара Жастар конгресінің ұйытқы болуымен өтеді. Кең көлемді акцияға елдегі жастар ұйымдарының барлығы атсалыспақ. Шараның басты мақсаты – Қазақстан халқының құқықтық сауат деңгейін көтеру әрі бүкіл елге елеулі мереке – Конституциямыздың 15 жылдығын атап өту. Шара аясында біз халқымыздың 50 пайызын қамтымақпыз. Сол үшін қазіргі уақытта волонтерлік базалар жасақталып, оған елдің барлық жастар ұйымдары қатыстырылуда. Біздер бұл шараны «Есіктен есікке дейін» әдісімен жүргізетін боламыз», – деген Ш.Байманов Астана қаласына жауапты топтар өздеріне бөлінген ауданда үй-үйді аралап, дискілер мен кітапшалар тарататынын айтады. Оның айтуынша, Астана қаласының өзінде ғана бұл шараға 600-ге тарта жас қатысуға ынта білдіріп отыр.

Ынта жақсы-ау, бірақ натсқазағы несі?

Бір әттеген-айы, көпшілікке таратылатын брошюралардың мемлекеттік тілде жасалған нұсқасын көре алмадық. Көп ұзамай бұдан да зорына тап болдық. «Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің» демекші, өн бойы ресми тілмен өрнектелген бір беттік бүктемелі брошюраға шұқшиған әріптестеріміздің ә дегеннен-ақ түстері бозарып бара жатты. Сөйтсек, еліміздің болашақ ұландарының қалың бұқараға таратқалы отырған кітапшаларында елдігіміздің нышаны – Елтаңбадағы «Қазақстан» сөзі өрескел қателікпен кері қарата – «натсқазаҚ» болып жазылып тұр. Әрине, «техникалық қателік қой» деп жұмсартуға болар, бірақ бұл – дәл осындай республикалық деңгейде патриоттық шара өткізіп, өзгеге үлгі болғысы келетін жастар үшін кешірілмес қателік. Елдің құқықтық сауатын көтереміз деп жүріп, өз қателерін байқамайтын бұл жастардан кім қандай өнеге алады? «Сенген қойым сен болсаң…» деген сөз осындайда айтылған шығар.

Бүркіт Нұрасыл

Advertisements

One response to “Оғландарымыз Натсқазақтың Конституциясын насихаттап жүр

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s