Қарғыс атқыр 2012- нің әлегі

Естімеген елде көп… Фантастикалық, құр болжамға негізделген Голливудтың 2012 фильміне иланғаны соншалық Қостанайлық бір тұрғын  қиямет азабын көрмеу үшін сүйіктісін тұншықтырып өлтіріп, артынша өз-өзіне қол салған.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жексенбі күні қаладағы пәтерлердің бірінің тұрғыны үстіңгі қабатта тұратын көршілеріне шағымданады. Шағымданушының жуынатын бөлмесінің төбесін су шайып кеткен көрінеді. Шағым бойынша жоғарғы қабаттағы пәтерге жеткен полицейлер үйден 47 жастағы ер азамат пен оның 24 жастағы сүйіктісінің мәйітін тапқан.

Баспасөз қызметінің ақпарына қарағанда, пәтерден табылған дәптерде өз-өзін өлтірген ер адамның соңғы тілегі жазылған. Ол өзінің төсектесін қалай өлтіргенін және содан соң өз-өзіне қол салатынын суреттеп жазыпты. Марқұм болған адам өзі мен қасындағы құрбысына киім дайындап, екеуін бірге көмуді сұраған. Залда еденге өзінің костюмін, жейдесі мен әйелдің киімдерін жайып қойыпты. Жуынатын бөлменің есігіне «біз бір-бірімізді сүйеміз» деген сипатта жазу болған. Белгілі болғаны, екеуі «ақыр заман жақындап қалғанын» және содан бұрын бұ дүниемен қоштасуды қажет» деп таққан.         Бүгінгі таңда оқиғаның анық-қанығын анықтау үшін сот-медициналық және қолжазбаға сараптама жүргізілуде.

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s