Шымкенттің су қоймаларында медуза пайда болды

Соңғы жылдары тылсым табиғат алуан-түрлі мінез танытып жүр. Шымкенттегі жасанды су қоймаларының бірінде, тропикалық су жәндіктері пайда болды. Дәлірек айтсақ, мұнда медузалар, тіршілік ететін болып шықты. Су қоймаларында қаптап жүрген  тропикалық елдерде ғана тіршілік ететін бұл жәндіктерді шомылып жүрген Марк деген бала байқапты. Ол Шымкенттің дәл іргесіндегі Тоғыс су қоймасынан бір мезетте 8 бірдей медузаны ұстап алған. Табиғаттың бұл құбылысына ғалымдар да таң-тамаша болып жатқан көрінеді. Теңіз жұлдызшаларының диаметрі 3 сантиметр ғана. «Шын мәнінде таңқаларлық жағдай. Медузалар бізде пайда болады деген ойымызда да болмаған. Енді тек зерттеу қажет. Әзірге бір ғана болжам бар, жәндіктерді құстар тасымалдаған болуы мүмкін.  Мұндай жағдаймен, алғаш рет кезігіп отырмыз», – дейді биолог Гүлнәр Қылышбаева.  «Әкем екеуіміз шомылуға барғанбыз. Жәндікті көріп қызығып қалдым. Кейіннен аңдап қарасам бұл медуза болып шықты. Бірнеше минуттың ішінде 8 медузаны ұстап ыдысқа салып алдым», – дейді Марк Ли  Жақын күндері су жәндігі табылған Тоғыс су қоймасына бір топ ғалым аттанбақшы. Олар тропикалық жәндіктердің шырайлы Шымкент суларына қалай пайда болғанын анықтайтын болады.

Advertisements

3 responses to “Шымкенттің су қоймаларында медуза пайда болды

    • Жақында аулап тамаққа қолдануға болатын шығар. Медузанын еті махабатқа жаксы шипа дейді білетіндер. Бір екеуін шикілей жұтқандар махабаттын шексіз тұңғиығына сүңгіп жүре береді дейд

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s