Экс-Түркіменбашы тұғырдан қуылды

«Бұйрықсыз сөйлеген құйрықсыз қалады». Көзі тірісінде өзіне таза алтыннан 12 метрлік алып ескерткіш орнатқан Түркіменстан Президенті Сапармұрат Ниязовтың дәурені көп ұзаққа бармады. ВВС  агенттігі Ашғабадта     елдің   бұрынғы  Президенті Сапармұрат Ниязовтың   алтын жалатылған      және айналмалы ескерткіші  орнатылған    Бейтараптылық Аркасын    қирату жұмыстары аяқталғаны туралы хабар таратты.

Естеріңізде болса Бейтараптылык Аркасы   президент  Ниязовты  ғасырлар бойы  мадақтауды мақсат тұтқан ерекше   архитектуралық элемент  ретінде құрылған  болатын. Түркіменбасының    мүсіні   орнатылған 70 метрлік  арканы  қирату  жұмысы екі айға  созылды.  Қирату жұмыстарын Түркиялық Polimeks компаниясы   жүргізген. Бір айта кетерлігі экс-Түркіменбашы тұғырдан қуылғанмен мүсін тұрған Арканың көшірмесі     Ашғабадтың     басқа ауданында  бой көтермек. Бұл жұмыс та осы компанияға  жүктелген көрінеді. Бұл теңдесіз жаңа     сәулет    нысанында    Түркіменбасының   мүсінінің орнына  95 метрлік    Бейтараптылық  монументі     мен түркіменнің ежелгі  бес тайпасының   ою-өрнектері  және   Елтаңба, мемлекеттік жалау ілінеді.

Бейтараптылық Аркасын    бұзу  және    жаңа монумент тұрғызу идеясын елдің  қазіргі президенті   Құрбанқұлы  Бердімұхамедовтың өзі ұсынған. Ал біздің «нұрланған» Нұрағамыздың дәурені қашанға дейін жетер екен?

Нұратайдың баласы

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s