Итпаналар салынбақ Астананың төрінде…

Елордамыз – Астана қаласы тек тұрғындары ғана емес төрт аяқты жануарларға да қажетті жағдайлардың бәрін жасауға даяр. Кеше қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов Астанада кәсіпкерлердің қаражатының есебінен иесіз жануарларға арналған жеке меншік панахана салу туралы бастама көтерді. Бұл бастама қала жұртшылығының сұранысы негізінде «дүниеге» келген. Оны әкім қала сайтындағы «сұрақ-жауап» айдарында жария етіпті. «Бүкіл әлемде жануарларға арналған панаханалар мен қонақ жайларды не жеке тұлғалар немесе Үкіметтік емес ұйымдар ашады. Осыған байланысты мен сіздерге және қала кәсіпкерлеріне Астанада жануарларға арналған жеке панахана салуды ұсынамын», – деп көрсеткен Тасмағамбетов өзінің жазбаша жауабында.

Әкім сондай-ақ, өз жазбасында қала бюджетінде тастанды және панасыз жануарларға пана салуға қаражат қарастырылмағанын сол себепті бұл шаруаны кәсіпкерлерге аманат етіп отырғаны айтылған. «Сондықтан мен сіздерге Астананың коммуналдық шаруашылық жүйесінде осындай кәсіпорын пайда болады деп уәде ете алмаймын», – дейді И. Тасмағамбетов.

Оның айтуынша, ауыл шаруашылық басқармасының қызметтері бекітілген нормаларға сай халықты қаңғып далада жүрген жануарлардан тарайтын аурулардың алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Сол себепті, әкім «қала тұрғындарын әсіресе жаса балаларды қаңғыбас иттерден қорғаудың бұдан басқа әдісі жоқ» деп көрсеткен. Әкімнің ойынша, қала тұрғындары төрт аяқты «достарын» бауырына баспастан бұрын, алдын-ала туындайтын барлық жағдайларды ойластырып алуы тиіс. «Ал егер олар қандай да себептермен өз итін асырай алмаса, оны көшеге тастай салмай сенімді қолға тапсырсын», – деп көрсеткен.

P.S   Әр өңірден арман қуып келіп жатқан қаракөз қазақтың жағдайын оңалта алай жүргенде әкім мырзаның бұнысы тіптееен қызық болды. Осы түбінде үлкееен дауға айналып кетіп жүрмесін. Кешегі үлескер, бүгінгі күрескерлерге ұқсап астаналалық алабай, кандені аралас бір топ «ит баспанамыз салынып бітпей қалды» деп аштық жариялап жатпасын………….
жай қалжың ғой… Астаналық иттер ондай иттік істей қоймас…

Advertisements

3 responses to “Итпаналар салынбақ Астананың төрінде…

  1. Астаналық комфорт деген ұғымға жете алмай жүргендегі, жетпегені осы еді… Не дейміз, құтты болсын! Еренғайып көкемнің «Жас қазақта» «Бақытты иттер» деген материалы шығып еді 2008 жылы. Шіркін, ағам тура тапқан екен теңеуді

  2. Өркен мырза, рас айтасың.
    P.S Әр өңірден арман қуып келіп жатқан қаракөз қазақтың жағдайын оңалта алай жүргенде әкім мырзаның бұнысы тіптееен қызық болды. Осы түбінде үлкееен дауға айналып кетіп жүрмесін. Кешегі үлескер, бүгінгі күрескерлерге ұқсап астаналалық алабай, кандені аралас бір топ «ит баспанамыз салынып бітпей қалды» деп аштық жариялап жатпасын………….
    жай қалжың ғой… Астаналық иттер ондай иттік істей қоймас…

    • Дұрыс айтасыз, астаналық иттер ондай иттік істей қоймас, бірақ, алматылық иттер точно шу шығарар еді.. Республика алаңына барып, үйдің картон макетін өртеп дегендей….

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s