Нұх пайғамбар Меккеде емес, жер жаннаты – Жетісуда жерленіпті…

Елең етерлік жаңалық: Бір топ қытайлық ғалымдар Түркиядағы Арарат тауында қалған Нұх пайғамбардың кемесін таптық деп жар салып жатқанда, Қазақстандық атышулы жұлдызшы Балтабай Рахымжанов қасиетті пайғамбардың денесін өз ауласынан тауып алыпты. Сөйтіп, күллі әлемді өзінің жұмбақ кемесімен тәнті етіп отырған қасиетті Нұх пайғамбар Меккеде емес, жер жаннаты – Жетісуда жерленген болып шықты…

Белгісіз күштің «қолдауымен» өзін «Билеуші – Пайғамбар – Президент» деп жариялаған Балтабай Рахымжановқа 1994 жылы ғайыптан «ауласында керемет дарыған әулиенің денесі жатыр» деген аян беріледі. Аян бойынша іске кіріскен «Билеуші – Пайғамбар  – Президент» өз ауласынан бойы екі метрден астам алып адамның мүрдесін тауып алған. Бірнеше ғасыр бұрын жерленген мәйіттің бас жағына 16 барыстың мүсіні бейнеленген шырағдан қойылыпты. Балтабай мырза шырағданды мұражайға өткізіп, қаңқаны тарих институтына зерттеуге береді. Артынша, Ә.Марғұлан атындағы тарих институты бұл мүрденің сақ-үйсін тайпаларына тән екендігі анықтайды.

Осы оқиғадан кейін тылсым күш Рақымжановқа тыным бермейтін болған. Бір күні оған түсінде аян беріліп, табылған мүрденің сақ-үйсін Күнбиінің көсемі «Қажы баба» деген адам екені айтылыпты. Бір қызығы, көп ұзамай ол бұл ойынан бас тартып  «бұл Нұх пайғамбардың жатқан жері» деп жаһанға жар салған. Өзінің айтуынша, бұған дәлелі де бар көрінеді. Оған атақты қос бірдей ғалым Манаш Қозыбаев пен Карл Байпаков 3000 жылдық адамның мүрдесі деп  заключение берген. Оның үстіне Нұх пайғамбардың Жетісу жерінде тыныштық тапқанын ақтарып жүріп Құраннан да кезіктірген. «Құранды ашып қарасам, мынадай сөз бар екен. Нұх пайғамбар 950 жыл өмір сүріп, жер жаннаты – Жетісуда жерленген делініпті», – дейді Билеуші–  Пайғамбар – Президент. Ал шын мәнінде Рақымжанов Құран кәрімде Нұх пайғамбар 950 жыл бойы Алланың бірлігіне шақырды деген сөз барын, әрі Мұхаммед Пайғамбарымыздың (с.ғ.у.) Нұх әлейхсаламның қабірі зәм-зәм суының жанында Меккеде жерленгенін айтып өткенін білмейтін болса керек?!

Кезінде Балтабай Рахымжанов «Қажы баба» қоғамдық қорын құрып елді біраз шулатқан болатын. Онымен тынбай өзін 2005 жылы президенттiкке үмiткерлердiң бiрi ретінде ұсынып та көрді. Айналасындағыларға өзін «пайғамбар» деп көрсетіп,  осыдан 9999 жыл бұрын өмiр сүрген Қажы бабаның басына ертеректе жұрт қажылыққа барған деп лепіргені бар-тын. Қажылық Мұхаммед Пайғамбарымыздан бұрын болған деумен ғана тынбай «Қажы бабасын» 124 мың пайғамбардың ең ұлығы әрі алғашқысы деген болатын. Енді міне «Қажы бабасын» Нұх пайғамбарға айырбастап алыпты…

Advertisements

6 responses to “Нұх пайғамбар Меккеде емес, жер жаннаты – Жетісуда жерленіпті…

  1. Бул суайт «пайғамбар» туралы бұрын да естігем. Калтасының камын гана ойлайтын арсыздардың бірі. Материал тұшымды екен. Өкінішке орай бұндай дүниелерді ресми газеттерден көре алмадым. Алде, баса алмайсындар ма?

  2. Атың шықпаса жеп өрте. Ерікке қазақ не істемйді, әулие де боп кетеді.
    Ал бірақ Нұх пайғамбар.Меккеде жерленді деген хадисті кездесмтірмееген екенмін бұл маған жаңалық болды. Нақты хадистерден емес шығар..

  3. Өтірік, Нұх пйғамбарымыз пұттарға сенбеген. Демек ол жерленгенде неліктен басына барс бейнесін салады? Өтіріктіде келістіріп айту керек қой.

  4. Салем мен естимепин Нух паиганбар меккеде жерленген дегенди мен ушын жаксы жаналык болды.Ал биздин Балтабаига келсек ол кисини лагынет шаитан алжастырып журген болар амал канша онын бетин аулак кылсын кисинин басына салмасын. Кап жогалтпаганын бари акылды демекши .жаман ондаи деи бергенше Балтабаиды Алакым озин тура жолга салагор оз панакына алагор деп дуга жасасак нур устине нур сауаптанда алган болармедик АГАИЫНДАР

  5. Балтабай Рахымжанов мырзаға тұратын ауылындағы мешіттің жергілікті имамдары түсіндіріп айтар қаншалықты өзіне өте зиян қате бағытты ұстанып жүргенін, мүмкін осы күнге дейін айтқан да болар. қолдан келсе бірауыз болса да ескертіп, айтқан дұрыс деп ойлаймын. Алла нәсіп етсе тәубесіне келеді.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s