Қазаққа Қызылжарды қайтару мұң болып тұр

Қала атауын Қызылжар деп өзгертуге қала аумағындағы ұлтшыл орыстар тобы ғана емес мәслихат депутаттары  да қарсы шығып жатыр.

Жаңа ғана қалалық мәслихаттың депутаты және қалалық ономастикалық комиссияның мүшесі Жангелді Тәжин «қолданыстағы заңнамаға сәйкес, елді мекендердің атауын өзгерту мәселесі сәйкес аумақта тұрып жатқан халықтың пікірін ескере отырып қаралады» – деп бет бақтырмай жатқаны туралы хабар келіп түсті. Бұған дейін жеткен деректерге қарағанда қалада елеулі түрде қарсылық акциялары әлі де басылмаған. Жангелді Тәжиннің айтуынша, қаланың атын өзгерту туралы халық қалаулыларына ешкім шағым түсірмеген. Бұл жерде тіптен қала тұрғындарының пікірі де ескерілмеген. Мәслихат өкілдері Парламент мәжілісінің депутаты Жарасбай Сүйлейменовтың бастамасы оның жеке ұстанымы ғана болып табылатынын атап көрсетіп, қаланың атауын өзгертуге бірауыздан қарсы екендерін білдірді. Осылайша, іштен шыққан жау секілді болып Тасбай Симамбаевтың тағы бір жақтасы бой көтерді.

Естеріңізде болса 22 қырқүйек күні Мәжілістің кеңейтілген отырысында депутат Ж.Сүлейменов үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке Петропавл қаласын Қызылжар деп атауды ұсынған болатын. Ол өзінің депутаттық сауалында бастамасын негіздейтін бірқатар мұрағат мәліметтерін келтірген. «Сондай-ақ, Конституциямызға сәйкес, біздің еліміз зайырлы мемлекет болып табылады, сондықтан қаланың ежелгі атауын қалпына келтіру тарихи әділдік болады», – деп атап өткенді.

Сурет Алаш айнасы газетінен алынды

Advertisements

9 responses to “Қазаққа Қызылжарды қайтару мұң болып тұр

  1. Қисық мырза, шамамыз жетпейді деп жантая кеткенше әрекетке барғанымыз дұрыс емес пе? Көк лента байлап өз қолдауымызды білдірейік.

    • Біз қолдаудан шет қалмаспыз. Шамамыз жеткенше дауыс беріп, қылқынып-ақ жатырмыз. Бірақ, Сіз содан бірдеңе шығатынына сенесіз бе?

  2. Аттан Казах дурыс айтады. аспан түстес көк туымыз түстес көк лента байлап көшеге шыгайык.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s