ҚОШ БОЛ, НАСЫБАЙ!

Басы даудан, ісі сыннан арылмай келе жатқан еліміздің Ішкі істер министрлігі ақыры «игі іс» бастапты. Анығын айтсақ, ІІМ ел аумағында сасы… кешіріңіздер… насыбай сату мен оны пайдалануға тыйым салмақ.

Бейсенбі күні өткен интернет-конференцияда министрлік өкілдерінің бірі «Қазір біз Түркіменстандағы сияқты насыбайға тыйым салу мәселесін пысықтап жатырмыз», – деп байқамай айтып жіберіпті. Полицейлердің айтуынша, насыбайдың құрамындағы заттар мемлекет тарапынан бақылауға алынбағандықтан оны сатуға күні бүгінге дейін ешқандай шектеу қойылмай келген.

Дегенмен, соңғы кезде жүргізілген зерттеулер бұл бәлекеттің адам денсаулығына айтарлықтай зиян келтіретінін дәлелдеп берген. Оның құрамына темекі, әктас пен тауықтың және т.б. құстар мен жануарлардың саңғырығы мен тезегі с…і секілді қоспалар қосылады екен. Ал әктас пен темекі ішектің өңезді қабатын бүлдіріп, асқазан жарасы мен қатерлі ісікке әкеп соқтырады. «Ал, тезек пен с…к адам ағзасына түскеннен кейін денені улап, түрлі жұқпалы ауруларға душар етеді», – дейді мамандар.

Бұған дейінгі жыр:

Насыбайың болмаса,

Ауырады басым-ай!

бұдан кейінгі жыр:

Насыбайды көргенде,

Тік тұрады шашым-ай… болуы ғажап емес…

Авторы Бүркіт қой баяғы…

Advertisements

19 responses to “ҚОШ БОЛ, НАСЫБАЙ!

  1. Ох, елки…Еріннің астына насыбайды атып тастап, шырт-шырт түкіріп отырушы едік…Енді хана десей…(((

  2. Шешессс!!! Биліктегі құлқын каргалар ауылдагы шал-шауханнын насыбайымен алысканда, түйені түгімен жутып жатырган шешесс шенеуніктердін өнешін бітеп алсай! Шешесс!!! болмаса көтін ашып жүрген кыздар мен көшедегі шешесс простите, проституткалардын шешесс… тиып алсын!!! Сезонный шаруалардын бірі гой! Шешесс кімге крек болды екен??? Дұрыс айтам ба?

  3. Негізі тауықтың «тезегін» случайны қой жеп қойса, өліп қалады деген әңгіме бар ғо. Сол рас болса, тауықтың «несі» улы. Еріннің астына тастамай да, насыбайдан кайф алуға болады. Бір атым насыбайды түкіріктеп, тамырыңызға таңып тастаңыз, бар болғаны сол )))

    • Мяссаган! Мұндайды естімеппін. Бұны анау шенді мырзалар да білмейтін болуы керек. Олай болмаған күнде «тамырға да таңуға болмайды!» деп леп белгісін тікірейтіп кояр ма еді, бәлкім! Калдыкыз, мен сіздің талантыңызға тіптен тәнті бола бастаған тәріздімін… әрине калжың!
      Насыбайын болмаса,
      Ауырады басым-ай!

      • тексерілген әдіс болған соң жаздым, бірәқ тексерген мен емес, өте жақын адамым )))

  4. Адам баласы мысалыға, өмірінде 30000 күн жыбырлап, 30000 түн ұйықтап тұрады екен. Сол кезде жасы, шамамен 80 дерге тақайды…. Организм қолданған нәрсені талап ететіндігі дүрыс, себебі ол оған таңсық. Ол жақсы да, жаман да болуы мүмкін, зиянды, зиянсыз дегендей….
    Насыбайды мен қолданбаймын, бірақ меніңше ол зиянсыз, мен оны шегетін көп адамды танимын, көршім 84 келген ата оны өте жақсы қолданады….
    Оны шегуден бұрын, тазалану процесі қиындау сияқты… Бірақ біздің Қазекең, неден ләззет алмаған???

  5. саспа, теріскейдің баласы, темекіден де шашыңды тік тұрғызатын материал тауып салармын…

  6. Темекіден түсетін ақша азайып бара жаткан көрінер, Насыбайдан қалталарына ақша түспеиді гой, егерде зан түрінде насыбайга лицензия беріп,салық алынса. темекіден не кемшилігі бар?

  7. Тамырды естіп таң қалып отырмын. Ал мұрынға салып атуды бұрын естігем. Атқыштар мен тартқыштарға Тұрмағанбетті естеріне салып қойдым.

  8. Fignaia nosty ewkawan koimaim norkamandarda jurgoi ali koiamai…onin janinda nasbai brilintkoi ebadaid….. atam 40 jil atkan ali tiri

  9. мен насыбай атамын, жане олсыз тура алмаймын, бир жагынан унайды нос аткан, кайфпенн аткан абайскииди.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s