Қоңыр Күз және қыз мұңы

Неге, неге???

Неліктен сол күбірге құлақ түрдім?!

Айтсаңшы, керең тағдыр сұрап тұрмын?!!

…………………………………………………………..

…Ол сыйлаған заттарды, көйлектерді

өртедім, жырттым бәрін лақтырдым!

Қоңыр Күз

тек сен қана түсінесің,

Мен тағы..,

тағы, міне..,

жылап тұрмын…

Осыған кім кінәлі?! Түн…

Түн кінәлі!

Неменеге мына Жел жұлқынады???

«Сүйеді… Жо-жоқ.., мені сүймейді ол,»

Ұмытты…

…Сағынады мүмкін әлі)))???

Есімде тымық түнде, тұнық таңда…

Жанымды жалғыз сөзі жылытқанда…

Ол және Мен, күллі әлем талықсыған,

Ол шомылып мендегі қылықтарға…

Мен…

Құрып қалғыр!!!

«…Қайда асығып барады мына адамдар!??»

«Обал» деген ұғымды ұмытқан ба??!

О, Тәңір-ай!

Жас емес..!

Жас емес, қан жылайды қас-қабақта,

Қисық жол кесірлікке бастамақ па?!

Білмейтін, ешкім мені танымайтын,

Қаңғып кетсем қайтеді басқа жаққа??!

Қоңыр күз-ау,

Қоңыр күз…

Мұңымды, сорымды да аймалаған,

Сөйлеші, қайтем енді, қайда барам??!

Мен – сары жапырақпын…

Мен қызбын, ақымақпын, кешіре сал,

Жалғыздық жылатарын ойламаған!

Келер күз…

Келер күз нені маған бұйыртады??

Былтырғым қайталанды биыл тағы…

Шынында бұл Уақыт өтірікші,

Алдайды, құр қиялға сыйынтады!

Неліктен селт етпейді бұл адамдар??!

Құдай-ау, Ұят өліп, жылағанда Ар.

…Қоңыр Күз, мұңлы аспан, жапырақтар,

Ол жайлы менен енді сұрамаңдар!

Бауыржан ҚАРАҒЫЗҰЛЫ,

Халықаралық «Шабыт» фестивалінің

екі мәрте лауреаты,

Гран-при жүлдесінің иегері

Advertisements

5 responses to “Қоңыр Күз және қыз мұңы

  1. Ақын іштегі сырды да, мұңды да дөп басып, суретшінің ұшқыр қаламымен айна-қатесіз жеткізгендей…

    …Мына өмірде, жүрегіңде,
    Бойыңда ыстық қан барда.
    Болмысты да, болмасты да,
    Болады деп арманда! – деген, ақын Мұқағалидың мынау жолдары көңілге жұбаныш ұялатады…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s