Аты шулы «Аватардың» жалғасы түсіріледі

«Белгілі режиссер Джеймс Кэмерон «Аватар» фильмінің жалғасын түсірмек және ол екі бөлімнен тұрады», – деп хабарлайды News Corp. Оқуды жалғастыру

Advertisements

Шындық детекторына сенесіз бе?

Осыдан біраз бұрын Қырғыз байкесі Роза Отынбаева шенеуніктерді шындық детекторына салып, шыңғыртып тұрып тексертемін деп қалған еді. Президент–ханым оны босқа айтпапты.  Бүгін Қырғызстан президенті әкімшілігінің жетекшісі Эмиль Қаптагаев жалған айтқанды анықтайтын детектормен бірінші болып сыннан өтіп шықты. Бұл ақпаратты Қырғыз елінің мемлекет басшысының баспасөз қызметі таратып отыр. Оқуды жалғастыру

«Алға» партияның төрағасы В.Козлов тағы сергелдеңге түсті

Күні кеше ғана өміріне қастандық жасалып, басына жұмыртқа жауған, елімізде тіркеле алмай жүрген «Алға» партияның төрағасы В.Козловқа обал болды. Козловтың артына май шам алып түскен салық қызметінің мамандары оның кәсібінен былық тауыпты. Оқуды жалғастыру

Мешімбаева қайда жүр?

Бір-екі күннен бері жалпы халық санағына деп бөлінген қаржының түгелге жуығын жамбасына басып, шетелге зытып берген Статистика агенттігінің экс-басшысы Анар Мешімбаева Мәскеуде тұрады деген хабар тарап үлгерді. Бұндай сыбысты Жоғарғы сот өкілі, қылмыстық істер жөніндегі қадағалау сот коллегиясының төрағасы Ақылтай Қасымов таратқан болатын. Оқуды жалғастыру

Оралмандар жайын күйттейтін жеке министрлік керек

Зиябек ҚАБЫЛДИН, тарих ғылымының докторы, профессор:

– Зиябек мырза, сіздің қо­ғам­дағы иіні қанбай жатқан ұлттық мә­­се­ле­лер­ге етене араласып, Алаш жұр­ты­ның абыройлы аза­ма­ты ретінде үн көтеріп жа­та­ты­ныңызды білеміз. Соның бірі – басы даудан арылмай келе жатқан көші-қон саласы. Жа­қын­да елі­міз­дегі барлық партия өкіл­дері қа­тысқан қабырғалы оты­рыс­тардың бірінде қазіргі қол­да­ныс­тағы «Көші-қон туралы» заң жо­басына қатысты біршама сын айтып, Парламентте жатқан жаңа нұсқасына өзгертулер енгізу керек деп едіңіз. Осы мәселені ашып, тар­қа­тып айтып берсеңіз. Заң­да­ры­­мыз­дың қай жері әлсіз, қай тұс­тарын толықтыру керек деп ой­лай­сыз?

– Бүгінде жаңадан «Көші-қон туралы» заң жобасы дайындалып жатыр. Алайда бұл құжат осы қалпында, бұрынғы түр-формасында қалса, өте үлкен қателік бол­мақ. Оқуды жалғастыру

«Қазақстандағы ислам» журналы жарық көрді

Қазақтың ақпарат айдыны тағы бір  жаңа журналмен толықты. Болашаққа екпіндете қадам басқан басылым «Қазақстандағы ислам» деп аталады. Алаш баласы үшін ерекше мағынаға ие ислам атауын иеленген журнал өз оқырмандарымен үш айда бір рет қауышатын болады. Оқуды жалғастыру