«ДОСҚАЛИЕВ ЖҰМБАҒЫ» ТІПТЕН ҚОЮЛАЙ ТҮСТІ

Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевке қатысты тың дерек: Кеше Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (Қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай Астана қаласының №2 Сарыарқа аудандық соты Жақсылық Досқалиевті 10 тәулікке қамауға алу туралы санкция бергенін мәлім етті.

Ресми өкілдің айтуынша, қалалық сот бұндай қадамға министрді қарап жатқан дәрігерлердің түсініктемесінен кейін барған. Себебі куәгер ретінде жауап алу барысында олар «министрдің өтініші бойынша жалған диагноз қойғандарын» мойындап қойыпты. Бір қызығы, 1 қазан күні ғана «Бұл жалтару (симуляция) емес. Министр шын мәнінде инсульт алған, ми жасушалары да зақымданған. Мұны кез келген маман дәлелдей алады», – деп шыр-пыр болған Ұлттық ғылыми медициналық орталық басшысының орынбасары Әлімбек Мустафиннің өзі белгісіз себептермен ғайыптан тайып кері түсініктеме беріпті. «Әлімбек Мұстафин тергеу барысында Досқалиевтің клиникаға түскен кезде есін жоғалтпағанын айтты. Мұстафиннің айтуына қарағанда, бұндай диагноз Досқалиевтің өтініші бойынша қойылған», – деп мәлім еткен ресми өкіл сөзіне дәйек ретінде БАҚ өкілдеріне тергеу барысында жазылып алынған бейне-жазбаны ұсынды. Енді сол жазбадағы сұрақ-жауапқа үңіліп көрелік: «Досқалиев клиникаға түскен кезде қан қысымы өте жоғары болды. Оған бірден медициналық көмек көрсеттік. Артынша жан сақтау бөліміне жатқызылды. Келесі күні мен оның қалын сұрай бардым. Ол өзін клиникада бірнеше күн ұстай тұруымды өтінді. Бұның бәрі түсінбестіктен туындап отырған жаит екенін айтты. Мен оған таза адамгершілік ниетпен көмектестім. Өйткені, біз бір-бірімізді бұрыннан танимыз. Бірнеше рет бірге күрделі операция жасауға қатыстық», – деп қарап отыр.

Дегенмен, брифингте бұл бейне жазбаның шынайылығына күдік келтіргендер де болды. Себебі, жазбаның сапасы өткен жолғыдай бұлыңғыр, түзеп-күзеп, (монтаж – автор) жүйеге келтіргені анық көзге ұрып тұрды. Оны Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің Тергеу департаментінің бастығы Нұрлан Ауғанбаев жазбаның оперативті жедел-жағдайда түсірілгендіктен сапасыз болып отырғанын айтып жуып-шайып жатты. Бұдан соң кез-келген адамды еліміздің құқық қорғау саласының қаншалықты дәрежеде екендігін көрсетіп тұрған жоқ па деген сауал мазалайтыны даусыз.

«Мұстафиннің түсініктемесі Досқалиевтің қолдан ауыр сырқат жасағанын дәлелдеп берді. Онымен қоймай ол қазанның 1-і күні  Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың дәрігерлерін қатыстыра отырып журналистерге фото және бейне  түсірілім ұйымдастырып, жұртшылықты алдауды жалғастырған. Клиниканың басқа дәрігерлері де бұны дәлелдеп түсініктеме берді. Қазанның 2-сі күні клиника дәрігерлері өткізген консилиум кезінде «Досқалиев есін жоғалтқан жоқ және басқа жерге көшіруге болады деген қорытынды жасады. Сол себепті Астананың №2 Сарыарқа аудандық соты Досқалиевті 10 тәулік мерзімге қамауға алу туралы санкция берді»,–  дейді Мұрат Жұманбай. Енді 10  тәуліктен соң Жақсылық Ақмырзаұлына Қылмыстық іс жүргізу кодекісінің 150 бабы бойынша айып тағылып, ісі сотқа беріледі. «Қазір қылмыстық іс тергелуде, өзге ақпараттар тергеу мүддесіне балйанысты жарияланбайды», – деп түйіндеді өз сөзін М.Жұманбай.

Тағылған айып бұнымен ғана тынбаса керек. Ақмырзаұлының абырайын ойрандау үшін артынан шам алып ізіне түскен қызметкерлер «Досқалиев ісіне» жемқорлық фактісін тауып қосып алыпты. «Тергеу барысында Досқалиевтің пара ретінде тағы 6 пәтер алғандығы анықталды. Олардың біреуін өзінің жақын туысына тіркеп, қалған бесеуін сатып жіберген», – дейді ресми өкіл.

Осылайша, 8 күннен бері Астанадағы республикалық клиникада ес-түссіз жатқан Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевке қатысты ақпарат әлі де қаққа жарылып тұр. Министрдің амандығы үшін жанын салып жатқан дәрігерлерге сенсек, Жақсылық Досқалиевтің қазіргі жағдайы – өлім мен өмір арасында. Ал Қаржы полициясы қызметкерлері бұның барлығын көз алдау, жауапкершіліктен жалтару деп бет бақтырар емес.

P.S

Қаржы полициясы Мұстафиннің кері түсініктемесін көрсетіп жатқан уақытта орталықтың директоры Байгенжин Жақсылық Досқалиевтің  әлі де ұлттық ғылыми медициналық орталықтың (ҰҒМО) жансақтау бөлімінде жатқанын мәлімдеп үлгерді. «Науқас өз палатасында жатыр. Оның денсаулық жағдайында оң өзгерістер бар. Сол жақ қолы, аяғы сал болып қалған, сөйлеу орталығы бұзылған. Емшара барысында Досқалиевке төрт рет фетальды жасушалар енгізілді. Соңғы екі күнде науқас айтқан сөзді түсіне бастады, жұту рефлексі пайда болды. Бірақ оптимистік пікір айтуға әлі ерте. Жағдайы тұрақталса, біраз уақыттан кейін науқас жай палатаға ауыстырылады», – деп хабарлаған ҚазТАГ агенттігіне телефон арқылы.

Оның мәліметіне сәйкес, денсаулық сақтау министрі жатқан палатаны қазіргі уақытта қаржы полициясының қызметкерлері күзетіп жатқан жоқ. Алайда брифингте Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің Тергеу департаментінің бастығы Нұрлан Ауғанбаев министрді арнайы күзет бақылап жатыр деген болатын. «Ол ең бастысы министрдің өз мүддесі үшін маңызды», – деп атап өткен-ді.

Advertisements

3 responses to “«ДОСҚАЛИЕВ ЖҰМБАҒЫ» ТІПТЕН ҚОЮЛАЙ ТҮСТІ

  1. Осы Мұрат Жұманбай сүйкімді ма қалай өзі, или мен жанарым тұманданып ғашық бола бастадым ба?! 🙂

  2. Негізі күлуі сирек болса да шырайлы бала. Тек көкелеріне еліктеп түсін қолдан бұзып жүргені болмаса…

  3. Қызық…… Елім деп еңіреп жүргендер деп жүргендер қазақшылыққа салынып жатыр. Әлде көзтоймастық тек қазақта емес, барлық ұлтқа, адамзат баласына дарыған қабілет па?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s