Иосиф Кобзонның тілі күрмеліп қалды

Кеше Астанаға Бүкіләлемдік рухани мәдениет форумына шақыртылған құрметті қонақ, Ресейдің атақты әншісі Иосиф Кобзон баяндама жасап тұрғанда күтпеген жерден тілі күрмеліп қалды. Ресей мемлекеттік думасының депутаты, өнер қайраткері, әнші Иосиф Кобзон Тәуелсіздік сарайының қақ төрінде әлемді рухани дағдарыстан шығару тақырыбында баяндама жасап тұрған. Кенет тілі күрмеле бастады. Әнші-баяндамашының денсаулығы нашарлап кеткенін сезген жұрт «Жедел жәрдем» шақыртып, абыр-сабыр болды да қалды. Әсіресе, билік өкілдері қатты (сенатор Төлеген Мұхамеджанов пен сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев) састы. Өйтпегенде қайтсін, ұйымдастырушылардың аттай қалап шақыртуы бойынша келген құрметті мейманы, атағынан ат түгілі албастының өзі үркетін Аю елдің «абызы» көз алдарында «о дүние мен бұл дүниенің арасында жатса. Жасы 73-ке келсе де денсаулығы сірі екен, жөйт баласы (еврей) есін тез жиды. Қашан да кешігіп жүретін дәрігерлер келіп жеткенше жасанды жолмен бірнеше рет тыныстап алған Кобзон, ақ халаттылардың алғашқы көмегінен кейін мінберге қайта көтерілді. Алайда, көмейінде тұрған ойын аяқтай алмады. Тілі қайта күрмеле бастаған соң, дәрігерлер ауруханаға алып кетті. Дәрігерлер 73 жастағы Иосиф Давидовичтің  денсаулығы «қатты қобалжу мен шаршағаннан сыр берген» деген бал ашқаны белгілі болды. Қан қысымы көтеріліп, басы айналған көрінеді. Осылайша, ресейлік мырза бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев жатып шыққан ғылыми зерттеу медициналық орталығының төсегіне бір аунап шықты. Атам «қазақта ат аунаған жерде түк қалады» деуші еді. Еврей аунаған жерде түк те қала қоймас… P.S Бүгінгі деректерге қарағанда, СССР халық артисінің кеше кешкісін ауруханадан шығып кетіпті. Елордалықтар үшін бүгін ол концерт бермек. Қалып қоймаңыздар…

Advertisements

7 responses to “Иосиф Кобзонның тілі күрмеліп қалды

  1. Тақырыпқа тұздық!!!

    Иосиф Кобзон кеше елордада діни мәдениет форумы шеңберінде өткен “Астана достарын қарсы алады” атты классикалық және әйгілі музыка концертіне қатысып, барлығы 10 ән орындады. “Интерфакс-Қазақстан” агенттігінше сөйлесек, ол өзін тың сезініп, көрермендермен әзілдескен. «Мен ән айтуымды шектемеуді сұрадым, өйткені кеше форумда мен тура бес әнді соңына дейін айта алмай қалдым», – депті ол. Ән орындап болған соң әнші қазақстандық дәрігерлерге көмек көрсеткендері үшін алғысы та айтқан. Концертке Астанаға жан-ұшыра жеткен әншінің жұбайы мен жеке дәрігері де қатысыпты.

    Фильмнің соңы!!!

  2. Кансерттен кейн кулап калмаганыныа таубе! Казир аман ба екен ози. Фильмнің екинши сериясында кансертке канша адам жиналыпты. Наверна миндептардан акша жинап залды толтырган шыгар а!

  3. Тамаққа уланған деді ғой бағана Дина Төлепберген КТК телеарнасында Ақиқат бағдарламасында

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s