«Қазақстандағы ислам» журналы жарық көрді

Қазақтың ақпарат айдыны тағы бір  жаңа журналмен толықты. Болашаққа екпіндете қадам басқан басылым «Қазақстандағы ислам» деп аталады. Алаш баласы үшін ерекше мағынаға ие ислам атауын иеленген журнал өз оқырмандарымен үш айда бір рет қауышатын болады.

Ұлтының болашағы мен ислам дінінің шынайылығын ойлайтын қауымға арналған журналдың алғашқы саны  Астанадағы Ұлттық Академиялық кітапханада өткен «Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қорының» Қамқорлар кеңесінде таныстырылды. Бас редакторы біздің бұрынғы әріптесіміз – Мұрат Алмасбек.

Мұрат Алмасбектің айтуынша, үш айда бір рет шығатын  басылымның басты мақсаты – әлемде бейбітшілік пен тыныштықты басты бағдар ететін ислам дінінің Қазақстандағы орнықты ахуалын айту арқылы, елдегі ұлтаралық және дінаралық достықтың үлгісін жұрт санасына сіңіру. Сондай-ақ, халқымызды мұсылмандық жолға шақырып, имандылық пен адамгершілікке жетелеу. «Қазіргі кезде журнал қазақ және орыс тілдерінде екі жарым мың данамен жарық көреді. Кейіннен осы нұсқасы ағылшын, араб тілдеріне аударылады. Қазақстанның алдағы жылы Ислам конференциясы ұйымына төрағалық етуі қарсаңында бұл журнал еліміздегі діни ахуалдан түрлі ақпарат беру мақсатында шығарылып отыр. Бұл мәдени-танымдық басылымда қоғам, мәдениет қайраткерлерінің, дінтанушылардың, сондай-ақ басқа да зиялы қауым өкілдерінің мақалалары және дін тарихы мен өзге өзекті мәселелер тұрғысында сараптамалық мақалалар жарияланады», – дейді журналдың бас редакторы Мұрат Алмасбек.

Басылым тұрақты айдарлармен жұмысы істейді. Атап айтсақ, Қазақстан жеріндегі ислам діні тарихынан хабар беретін «Ислам тарихы», еліміздегі мұсылман мемлекеттерінің елшілерімен болған сұхбаттарды жариялайтын «Елдестірмек – елшіден», ислам діні мен қазақ халқының тарихи рухани байланысы туралы ой түйетін «Рухани тамыр», елімізге енді-енді дендеп еніп жатқан шариғат заңы бойынша жұмыс жасайтын қаржы саласынан хабар беретін «Ислам қаржысы» сынды айдарларды қамтиды.

Сонымен қатар журнал еліміз тарихындағы діни ғұламалар мен қайраткерлердің өмірі, құнды жәдігерлер жайлы танымдық ақпараттар беріп, еліміздің абыройын көтеретін жағымды жаңалықтарды қамтуды көздейді.

«Журнал алғаш рет жарық көріп отырғандықтан, өзінің жеке тәжірибесі әлі қалыптаса қойған жоқ. Десе де, мемлекетіміздің заң-тәртіптеріне қайшы келмейтін бағытты ұстана отырып, елімізде ресми тіркеуден өтіп, жарық көріп жатқан өзге де рухани бағыттағы басылымдармен қоян-қолтық жұмыс атқаруға дайын», – дейді М.Алмасбек.

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s