«Алға» партияның төрағасы В.Козлов тағы сергелдеңге түсті

Күні кеше ғана өміріне қастандық жасалып, басына жұмыртқа жауған, елімізде тіркеле алмай жүрген «Алға» партияның төрағасы В.Козловқа обал болды. Козловтың артына май шам алып түскен салық қызметінің мамандары оның кәсібінен былық тауыпты.

Бүгін Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай тексеру кезінде оның салықты төлеуден жалтару сияқты өзге де бірқатар заңсыз әрекеттерге барғандығы анықталғанын айтты. Айтуынша, Алматы қаласының Салық департаменті ағымдағы жылғы сәуірдің 6-ы мен маусым айының 26-ы аралығында жеке кәсіпкер Владимир Козловқа кешенді салықтық тексеру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде жеке кәсіпкердің салық төлемегені ашылып қалыпты. «Тексеру кезінде құны 500 айлық есептік көрсеткіштен асатын салық төлеуден және мемлекетке міндетті түрде төленуі тиіс өзге де қаржыны төлеуден жалтару әрекетінің орын алуы анықталды. Бұл қаржы 3,3 миллион теңгені құрап отыр. Козловқа жүргізілген кешенді тексеру жұмыстарының қорытындыларын қаржы полициясының Алматы қалалық өкілдігіне жолдады. Салық органдарының тексеру жұмыстарының материалдары қазанның 3-і күні қаржы полициясына келіп түсті. Осыған қарай іс қолданыстағы қылмыстық-процессуалдық заңнамаға сәйкес тіркеліп, қосымша тексеру жұмыстары жүргізілуде. Тексеру қорытындылары қоғам назарына жеткізіледі», – дейді ресми өкіл.

Осылайша Президент боламын деп ұран тастаған партия төрағасы былыққа батып жатыр. Бірақ Мұрат Жұманбай «бұл әрекеттердің Козловтың қоғамдық- саяси қызметіне ешқандай да қатысы жоқ», – деп отыр

Advertisements

3 responses to “«Алға» партияның төрағасы В.Козлов тағы сергелдеңге түсті

  1. йә перезидентік сайлауға түссе жақсы болдар еді ана тілін білмеитін надандардың бәрі дауыс берер еді ғой!

  2. «аюға» бар-жоқ «назарымызды» берееп-берееп ап, енді «ешкі» болсақ, тіпті жырғаймыз ғой. Осыны лақ кезінде піштіріп тастау керек!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s