Мешімбаева қайда жүр?

Бір-екі күннен бері жалпы халық санағына деп бөлінген қаржының түгелге жуығын жамбасына басып, шетелге зытып берген Статистика агенттігінің экс-басшысы Анар Мешімбаева Мәскеуде тұрады деген хабар тарап үлгерді. Бұндай сыбысты Жоғарғы сот өкілі, қылмыстық істер жөніндегі қадағалау сот коллегиясының төрағасы Ақылтай Қасымов таратқан болатын.

Бірақ кеше Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бұл ақпараттың жалған екендігін мәлім етті. Оның айтуынша бұл ақпарат ойдан шығарылған. «Ол ақпарат расталмады. Ол шындыққа жанаспайды», – деді ол.

Осыдан бірнеше күн бұын Жоғарғы сот өкілі А. Мешімбаеваның Мәскеде тұратынын және оны тергеу органдарының білетінін,  қаржы полициясының  оны қамауға алу туралы ниеттері жоқ екенін айтқан болатын.

Қайсысына сенеміз. Қасымовқа ма әлде Жұманбайға ма? Мұрат мырза  статагенттіктің экс-басшысын қамауға алу туралы санкцияныі 2009-шы жылдың 10-шы қарашасы күні беріліп қойылғанын айтып бет бақтырар емес.

Нақты дерек келтірсек, республикалық бюджеттен ұлттық санаққа бөлінген 1 млрд 144 млн теңгенің 764, 8 миллионы жылпос шенеуніктердің жемсауында кеткен. Ал тауыққа тары шашқандай, санақ шарасына тек 379 млн теңге ғана жұмсаған Мешімбаеваның өзі із-түзсіз жоқ болғанды. Сіз қалай ойлайсыз, Мешімбаева қайда тұрады?

Advertisements

2 responses to “Мешімбаева қайда жүр?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s