Шындық детекторына сенесіз бе?

Осыдан біраз бұрын Қырғыз байкесі Роза Отынбаева шенеуніктерді шындық детекторына салып, шыңғыртып тұрып тексертемін деп қалған еді. Президент–ханым оны босқа айтпапты.  Бүгін Қырғызстан президенті әкімшілігінің жетекшісі Эмиль Қаптагаев жалған айтқанды анықтайтын детектормен бірінші болып сыннан өтіп шықты. Бұл ақпаратты Қырғыз елінің мемлекет басшысының баспасөз қызметі таратып отыр.

«Бүгін Бішкекте мемлекеттік қызметкерлер үшін полиграфпен тестілеу орталығы жұмыс істей бастады. Полиграфпен тексеруден бірінші болып президент әкімшілігінің жетекшісі Эмиль Қаптагаев өтті», – деп хабарлады ҚырТАГ-қа баспасөз қызметі. Осылайша, Қаптагаев полиграфтың жұмысын бірінші болып сынап көріп, өзгелерге үлгі көрсеткен.

Бұрын хабарланғандай, Қырғыз Президентінің жарлығына сәйкес, мемлекеттік қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде және аттестация өткізу барысындағы талаптарға полиграфпен тестілеу жүйесі қосылған болатын. Ереже бойынша тестілеуден бірінші болып мемлекеттік органдардың статс-хатшылары өтеді.т Сол себіпті арнайы орталықтарда құны 9 мың АҚШ доллары болатын екі ресейлік полиграф орнатылған.

Жалпы шындық детекторына (орыстар өтірік детекторы деп атайды (детектор лжи) сенуге бола ма?

Advertisements

2 responses to “Шындық детекторына сенесіз бе?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s