Cаммит кезінде балконда темекі тартуға болмайды

Орта Азия төрінде жеке ел болып, тарих парағынан орын алған Қазақ елінің бас қаласы – Астанада 56 жылда бір рет келетін төрағалық пен 565 жылда бір рет айналып келетін ЕКЫҰ саммитіне қызу дайындық. Құқық қорғау органдары қолының сұғанақтығы бар ұры-қарысы мен көше кезген тентегі, қайыршысын тізімге алып жанұшырып әлек. Оқуды жалғастыру

Advertisements

АҚОРДАНЫҢ АЛДЫНДА ҮШ БАЛАНЫ АЛЫП ЭКРАН БАСЫП ҚАЛДЫ

Елордада жаңа жылға дайындық жұмыстары барысында тосын оқиға болды. бүгін Ақорданың алдындағы атшаптырым алаңда жаңа жылдық бас шыршасын жағу салтанатына дайындық кезінде үш бала жарақат алды. Үшеуі де жедел түрде ауруханаға жеткізілген. Оқуды жалғастыру

Астанада батыр Баукеңнің 100 жылдығына арналған конференция болып өтті

Халқымыздың ұлы тұлғасы, Ұлы отан соғысының даңқты қолбасшысы халық Қаһарманы, жазушылығы мен азаматтығы қатар ел аузында аңызға айналған – Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойы еліміздің әр аумағында тойланып жатыр. Кеше де Еуразия Ұлттық университетінде «бауыржан Момышұлы – соғыс батыры, отанының патриоты» атты ғылыми тәжірибелік конференция болып өтті. Конференцияға белгілі ғалымдар, журналистер, дарынды студент жастар қатысып баяндама жасады. Оқуды жалғастыру

«Қара жорғаға» қоқаң көрсететіндей Игор Крутой кім еді?

«Қара жорға» қазақтың биі. Ұлттық биі… Сүйегіне сіңіп, болмысымен біте қайнап кеткен рухани дүниесі екені даусыз. Бірақ тарих төрінен қанаты талып жеткен асыл дүниемізге өзгелердің басымшылық көрсетуіне не жорық? Оқуды жалғастыру

Малайзияда оқып жүр талай қазақ баласы (ұлтына көк тиын пайдасы жоқ, мұратсыз…)

Оңтүстік-Шығыс Азиядағы даму қарқыны қатты Малай еліне сапарым аяқ астынан болды. Бүгінде әлемде алдыңғы орынға шығып, жаһандық тілге айналып бара жатқан ағылшын тілін үйренуге бел будық. Жолға шықтық. Жол-жөнекей, Малайзияда  көз көрген, ойға түйген дүниелерді көзі қарақты оқырманға қаз қалпында жеткізуге тырыстық… Оқуды жалғастыру

Бақытжан Жұмәділовтың соңғы өлеңі

Қазақ эстрадасының дарабозы, «Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушылардың бірі  –Бақытжан Жұмәділов тірі болса биыл 64 жасқа толар еді. Қамшының сабындай ғұмырында өнерпаз өнегелі істер атқарып, шәкірт тәрбиелеумен де айналысты. Жайдары, айналасын күлкіге кенелтіп, баяғының сал-серілерінше думандатып жүретін дүлдіз ағамыз жан-жақты дарын иесі болатын. Өн-бойынан әншіліктен бөлек сазгерлік, ақындық өнер де қоса табылатын. Жақында әншінің өзі ақтық сапарға аттанардан сәл бұрын ғана жазған өлеңі табылды. Сіздердің назарларыңызға соны ұсынбақпын.

Бақытжан Жұмәділовтың күнделігіне жазып қалдырған соңғы өлеңі Оқуды жалғастыру

Блогымды бір аптаға демалысқа жібердім

Блогымды бір аптаға демалысқа жібердім. Жарты жыл болды, дамылсыз жұмыс жасады. Жақсылап демалып келсін. Ең өкінштісі, ақысыз демалысқа кетіп барады. Аралдардың бірінен демалып жатып жолығып қалсаңыздар сәлем айтыңыздар…