Астанада батыр Баукеңнің 100 жылдығына арналған конференция болып өтті

Халқымыздың ұлы тұлғасы, Ұлы отан соғысының даңқты қолбасшысы халық Қаһарманы, жазушылығы мен азаматтығы қатар ел аузында аңызға айналған – Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойы еліміздің әр аумағында тойланып жатыр. Кеше де Еуразия Ұлттық университетінде «бауыржан Момышұлы – соғыс батыры, отанының патриоты» атты ғылыми тәжірибелік конференция болып өтті. Конференцияға белгілі ғалымдар, журналистер, дарынды студент жастар қатысып баяндама жасады.

Батыр бабамыздың өшпес ерлігін жаңғырту жолындағы іс шараны Еуразия ұлттық университеті, Астана қаласы ішкі саясат басқармасы және «Жігер» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып отыр. «Дара тұлғаға халық тарапынан көрсетіліп келе жатқан құрмет пен сыйдың да шеті мен шегі жоқ. Орны бөлек батырға қандай жақсылық жасалса да өз жарасымын табады. Не істесек те жүрегінде түгі бар даңқты тұлғаға лайықты іс қылайық», – деп атап өтті Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Зиябек Қабылдин шараны ашып тұрып.

Халық мақтанышына айналған – Бауыржан Момышұлының 100 жылдығы үлкен абыроймен атқарылып жатыр деуге болады. Мұның өзі еліміздің мәртебесі мен мерейін одан сайын өсіре түсетіні даусыз. «Баукең өз заманыда бүтіндей бір халыққа үлгі бола білген, халық санасы құрсауға сыймай булығып тұрған кезде Алаш баласының аманатын қаймықпай айта білген тұлға. Бабаның 100 жылдығы шығармаларының 39 томдығының басылып шығуымен тойланып басталды. Тағы 33 томдығы басылуға дайын тұр. Тек ол кісінің әскери психология тақырыбына қалам тербеген жазбаларының өзі 100 томға бергісіз дүние болып отыр», – дейді профессор, филология ғылымдарының докторы, мәдениет қайраткері Серік Негимов.


 

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s