АҚОРДАНЫҢ АЛДЫНДА ҮШ БАЛАНЫ АЛЫП ЭКРАН БАСЫП ҚАЛДЫ

Елордада жаңа жылға дайындық жұмыстары барысында тосын оқиға болды. бүгін Ақорданың алдындағы атшаптырым алаңда жаңа жылдық бас шыршасын жағу салтанатына дайындық кезінде үш бала жарақат алды. Үшеуі де жедел түрде ауруханаға жеткізілген.

Жарақат алғандар 12-13 жас аралығындағы үш қыз бала болып шықты. Үшеуі де салтанатты шараға қатысуы тиіс болған. Оқиға кезінде бірнеше балаға дәрігердің көмегі көрсетілген. Ал қатты жарақат алған үш қыз жедел жәрдеммен ауруханаға жөнелтілді. Дәрігерлер оларға миы шайқалған деген диагноз қойып отыр. Біреуінің мұрны сынған. Үшеуі де алдағы дүйсенбіге дейін ауруханада дәрігерлердің қарауында болады.

Оқиғаға куә болғандардың айтуынша шыршаны жағу салтанатына дайындық шарасы таңертеңгі сағат 11.00-де басталған. Сол кезде сахна алдына орнатылған үлкен плазмалық экран құлап, бірнеше адамды басып қалған. Алып экранды орнатып жатқан жұмысшыларға зақым келмеген.

Бас шыршаны жағу салтанатына ертең  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады. Бұл қалыптасқан дәстүрге айналып үлгерген бұл шара биыл үшінші рет өтейін деп отыр. Дәл сол мезетте елордадағы үлкен шырша мен бірге Қазақстанның барлық аумағындағы қала мен ауыл-аймақтарда орнатылған жаңа жылдық шыршалардың да шамы бірден жарқырайды.

Барлық жұрт асыға күтетін жаңа жыл мерекесі – үлкеннің де, кішінің де сүйікті мейрамы. Қалың жұрт әр жылды үлкен үмітпен қарсы алады. Бәрі жақсы-ақ, тек күнәсіз бүлдіршендердің зардап шегіп қалғаны өкінішті болып отыр. Бәлкім ғасырлар бойғы арманымыз болған – Тәуелсіздік мейрамын аттап өтіп, жаңа жылға жапа тармағай дайындығымыз себеп болды ма екен? Асығыстық – сайтанның ісі…

Advertisements

7 responses to “АҚОРДАНЫҢ АЛДЫНДА ҮШ БАЛАНЫ АЛЫП ЭКРАН БАСЫП ҚАЛДЫ

  1. Тәуелсіздікі аттап өтіп,шырша жағатындай не көрінді екен десеңші. Осы мәселе жылда БАҚ-да көтерілсе де, неліктен «үнсіз» қала береді.Әлде басшылардың құлақтары кеміс естиді ме? Тіпті, халықтан ұялса етті… Әй, осы ұлт сыйлау қашан басталады екен біздің елде. Шіркін,көршілес елге қарап, қарадай қызығасың ғой.
    Соның кесірі,әне бүлдіршіндерге тиіп жатқан жоқ па?

    • Бұл пікіріңізбен толық келісемін. Тәуелсіздік күнін жаңа жылдың тасасына тықсыру жақсылық емес әрине,,,

  2. ЕЕЕ, оган сол кезде Тауелсіздікті желтоксанга дейін жарияламай отыра берген озіміз кінәлі шығармыз. Әйтпесе елдің Тауелсіздік күні тамыз бен қыркүйекте ғой. Ал жана жылдан айналып оту онай болмас, тіпті Бүркіттің озі соны меңзеп ақша қарға оранып алган ба калай?

  3. Ботен жұрттың мерекесін мерекелейміз деп ұлдарымызды әзер алып қалыппыз ғой. Тәуба, аман болсын!!!

  4. Кайран Тауелсіздік!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!! Қайдағы жоқ жаңа жылдың немесе христиандардың діни мерекесінің тасасында қалатын болдың ғой өмір бойы……… ата-бабамның армандаған тәуелсіздігі осындай ма еді?????????

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s