Cаммит кезінде балконда темекі тартуға болмайды

Орта Азия төрінде жеке ел болып, тарих парағынан орын алған Қазақ елінің бас қаласы – Астанада 56 жылда бір рет келетін төрағалық пен 565 жылда бір рет айналып келетін ЕКЫҰ саммитіне қызу дайындық. Құқық қорғау органдары қолының сұғанақтығы бар ұры-қарысы мен көше кезген тентегі, қайыршысын тізімге алып жанұшырып әлек. Әрине бұның барлығы еліміздің айбыны мен айдыны, әлем алдындағы беделі үшін жасалып жатқан тірлік екені даусыз.

Саммит кезінде көшеде бейсуат жүруге, шетелден келген құрметті қонақтардың мазасын алатын оқыс қылықтарға баруға болмайды. Бұның барлығын қалың жұрт жалпыға бірдей ереже деп қабылдайды. Бірақ тәртіп сақшыларының саммит кезінде балконда темекі тартуға болмайды деген сандырақ шектеуін қалай түсінуге болады? Иә, сенбесеңіз қараңыз: Саммит кезінде балконға шығып, шылым атаулыны құмарлана соруға болмайды екен (суретте).

«Күлген күле жетеді, екі етегін түре жетеді» демекші былтыр аспан асты елінде (Қытайды айтам) олимпиада кезінде жұртқа пияз-сарымсақ жемеу туралы заң шыққанда біразымыз жырқылдап күлі-ееееп алғанымыз бар еді… соның бірі мен болатынмын… енді өкініп отырмын….

 

Advertisements

5 responses to “Cаммит кезінде балконда темекі тартуға болмайды

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s