Алаш туы астында…

Еліміздің Тәуелсіздігі баянды, кемеліне келген ел екені рас болса Астанада елдігіміздің символы – Бәйтеректен кейінгі орында Әлихан Бөкейханов бастаған Алаш арыстарының ескерткіші тұруы тиіс. Бұл бүгін Астанада Еуразия ұлттық университеті қабырғасында өткен «Алаш туы астында…: Алаш. Желтоқсан. Тәуелсіздік» атты мерекелік кеште айтылған ойдың бір үзігі. Оқуды жалғастыру

Advertisements

Ресейді кім басқарып отыр немесе сахнадағы қос дирижер

Осы жақында аялдамада доңғалағы жарылғыр № 2 автобусты (Аттанадағы мен тұратын Оңтүстік-шығысына баратын жалғыз аттауыз, үйге жеткенше сұлу-сұлу аттаншалармен әңгімелесіп мәз боп қаламын) күтіп тұрсам біреулер Ресейді кім басқарып отыр деп ойлайсың…? Бізге де бір Путин керек секілді…»  деп саясат сағызын шайна-а-ап тұр. Оқуды жалғастыру

Қазақта порно бар ма еді?

Қазақтар порно түсіріпті! Осыдан жарты жыл бұрын бұл жаңалықты естігенде қапелімде аузыма сөз де түспей қалған еді. Тек, өзіме-өзім «не болып барамыз, өзі?» деп сауал қойып қана шектелдім. Иа, не болып барамыз, өзі? Батыстың былапыт биті қазақтың да балағына еніп, басына өрмелей бастады. Басқасы жетпегендей, порно да түсіріп үлгердік. Оны түсірген кәдімгі қазақтың қаракөздері. Оқуды жалғастыру

Блогшыларды кім қалай елестетеді немесе виртуалды әлемде кім қалай танымал болады?

«Блог аштым, мінеки, бар малымды шығындап» немесе «блог аштым бір пайда бола ма» дегендей ақпарат айдынына блогер болып (Блогшы Бүркіт) кіргеннен бері көбімен даныш болып  қалдым. «Даныштық» дегенде жүзбе-жүз емес виртуалды даныштықты айтам да. Көбін Қисық, Сатыпалды, Тамшы, Алты қарыс – жеті шақырым деп қана танимыз. Оқуды жалғастыру

Каннибал тауық

Бүгін ғаламторды ақтарып отырып бір қорқынышты дерек тауып алдым. Қорқынышты болғанда – өте қорқынышты. Осыдан соң мені күнделікті өмірде қандай тағам жеп жүрміз деген ой мазаламасы бар емес пе? Көз алдыма жан-ұшыра таласып, аузы-басы қан-қан, бірін-бірі тірілей талап жеп жатқан тауықтар елестеп кетті. Иә, тауықтар. Каннибал тауықтар… Оқуды жалғастыру

100 долларлық банкноттан шатақ шығыпты

Жай қарап отырғанша айта отырайын, соңғы деректерге қарағанда, Америка Құрама Штаты 100 долларлық банкноттар шығаруды тоқтатып қойыпты. Себебі, су жаңа көкқағазды жасау технологиясында кінәрат кеткен. Оқуды жалғастыру

Елімізде хиджабқа тыйым салынады

Елімізде оқу орындарында хиджаб киюге  тиым салынуы мүмкін. Білім және ғылым министрлігі «Білім туралы заңға»  осындай өзгеріс енгізбек. Заң қабылданып кетсе, мектептен бастап университетке дейінгі білім ордаларында шәкірттер мен мұғалімдер сабаққа келе алмайды. Оқуды жалғастыру