Блогшыларды кім қалай елестетеді немесе виртуалды әлемде кім қалай танымал болады?

«Блог аштым, мінеки, бар малымды шығындап» немесе «блог аштым бір пайда бола ма» дегендей ақпарат айдынына блогер болып (Блогшы Бүркіт) кіргеннен бері көбімен даныш болып  қалдым. «Даныштық» дегенде жүзбе-жүз емес виртуалды даныштықты айтам да. Көбін Қисық, Сатыпалды, Тамшы, Алты қарыс – жеті шақырым деп қана танимыз.

Сіздерге сұрақ? Жазбасы мен аватаригіне қарап блогерлерді қалай елестетесіз?

Мысалы мен өзімді домалақ басы бар, адамға ұқсатамын. Ал қисықты… не десем екен? аздап қисайып, бұра тартып жүретін Жриновскиге  ұқсайтын сияқты ғо…

Ал Сатыпалдыны базарда қошқар сатып тұрған коммерсантқа ұқсатамын…  Қалжың ғой!!!  ..ах деп боқтап қойып, саудасын істей беретін…

Advertisements

17 responses to “Блогшыларды кім қалай елестетеді немесе виртуалды әлемде кім қалай танымал болады?

  1. nu kobin FB tanityn bolgan son (onda suretter de bar goi) sol uwin elestetu kiyn emes. Mysaly, Kaldykyzben sonau massagan.comnen beri tanyspyz. tort jyldan asyp ketti goi deim. Jannamen, Aikonamen gmailden tanimyn. Kisyk vawe menin kuieu balam+kaiyn inim :))) solai.
    Barin de jaksy korem.

  2. Қықықы)))) Жақсы сұрақ екен.
    Сіздің суретіңіз тұрған соң, бірнәрсе деп елестету қиын. Ол үшін шексіз фантазия керек шығар:)
    Сатекеңді…біртүрлі…елестете алмаймын. Многоликий адам сияқты маған.
    Жириновскийге ұқсатып, көз алдыңызға елестеттіңіз бе?) Қызық)))

  3. Жазбасы мен аватаригіне қарап блогерлерді қалай елестетесіз…

    Қызық сұрақ екен…төркіні психологияға жақын…

  4. жазбаларына қарай по интересам табады ғой бір бірін адамдар:). Қалай елестетем деп айту қиын екен енді, бірақ кейін мысалға кездесіп жатсақ әңгімеміз жарасатын адамдарды шамамен білем өзім:)

  5. Мысалы, Астанадан мен бармын, тамшы блогы да Астанадан тамшылайды, айтпакшы, өркен де осында сіңіп кетті ғо

  6. Бұрын алғашқы сәттерде қандай адамдар екен деп ойлайтынмын. Бірақ, қазір көбін бетпе-бет танимын ғой. Қазір көбіне суреттері бар дегендей. 🙂 Сәтекеме айтып қояйыншы өліп күлсін :))))

  7. Мысал мен Өркенді көзілдірігі бар, тілі мірдің оғындай қазақ деп елестетемін. (Көзілдірігі бар екені бәрңе белгілі гой. менікі жәй қалжың) Сосын Өркеннің кино көріп отырған түрін елестетемін, салмақты, салиқалы отырыс…
    Қисықты көзі шоқтай жайнаған (суретіндегі ягурадың немесе драконның жасыл көзіндей емес), қағытып сөйлеуге құмар, стандарт қазақ деп ойлаймын.
    Сатыпалды қыңыр сөйлегені болмаса, ақылды жігіт босла керек. Бойы мен сой да стандарт.
    Бүркіт сенің сақалың бар(агентіндегі суреті Нұрлан Абдуллинге ұқсайды), қыздарға тез ғашық болатын жігітсің.
    Тоты романтик. Өмір-бақи махабатта, тағбиғат, сұлулық сияқты тақырыптарда қиялдап, «жұмақ» әлемде жүреді.
    «Алтыградус» деген лақабына бола мен бұл блоггерді бейнелей алмадым. Көзіме тек термометр елестейді.
    Техносиндромның темекі шегіп тұрғандағы әңгімесі жақсы. Бетің бар, жүзің бар демей соятыны жақсы. Ерлан Оспанның бір әрекетіне разы болған жерім бар. Бірақ, оны қазір айтпаймын. Бастығымның таяғы басыма тиіп кетер.
    Қысқаша осы, мені де сипаттап бере қойыңдар. Әңгіме болсын

  8. *Біздің суреттеуді дөп басыпсың,Аман…келіспес тұсым жоқ…

    Пікірім:
    1)Блог иесі Бүркіт мырза ойлары салмақты,
    Білімі жан-жақты,
    қыздарға қалай,білмедім…
    жалпы, қалжыңы қармақты… деп сипаттама бере кетейін!

    2) Ал Амангелді батырды көңілінің түкпіріндегі дүниені айна-қатесіз қағазға түсіргенді ұнататын, өз ісіне тиянақты,артық сөзі жоқ,ұлтжанды азамат деп танимын.

  9. Блогшылардың барлығы десем көпке топырақ дейтіндер табылып қалар, сондықтан көпшілігін «Назар» байланыстырып тұр…

  10. Иә, кездесейікші бір, Астаналық блоггерлер, мұнда Амангелді бар, Бүркіт, Салтан бар, өзім, Айжаннұр, Серік Мұратхан бар.. тағы басқалар да табылып қалар

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s