Каннибал тауық

Бүгін ғаламторды ақтарып отырып бір қорқынышты дерек тауып алдым. Қорқынышты болғанда – өте қорқынышты. Осыдан соң мені күнделікті өмірде қандай тағам жеп жүрміз деген ой мазаламасы бар емес пе? Көз алдыма жан-ұшыра таласып, аузы-басы қан-қан, бірін-бірі тірілей талап жеп жатқан тауықтар елестеп кетті. Иә, тауықтар. Каннибал тауықтар…

Түсінікті болу үшін басынан бастап айтайын. Бұл шетелдік емес отандық құс фермаларын да кездеседі екен. Құс өсіруші фермерлер сойылған тауықтың бас-сирақ, тұмсық-тұяқ, жүн-жұрқа, қалдық етін далаға төгіп тастамай, оны ұнтақтап, химиялық зат қосып, жем жасап тірі тауықтарға береді екен. Соны жеп жұнттай семірген тауықтарды (күнделікті жеп жүрген Буштың бұты да осылай шығар?) сатып санап ақшасын алады. Ең қорқыныштысы, тауықтың еті қосылған жем-азықты жеген тауықтар көп ұзамай каннибализм дертіне шалдығады екен. Өз тектесінің етін жеп үйренген «каннибал» тауықтар тайып жығылып, сәл жарақат алып, қан шыққандарын, жапа-тармағай жабыла кетіп, тірілей дереу жеп қояды екен. Бұл үрдіс қазір тауық фермаларында үйреншікті жағдай дейді мамандар…

Ку-ка-аа-ре-ку-у-у-у!!!! Бірдеңе сарт ете түсті(бәлкім бір тауық тайып жығылған шығар)! Жалғасы ертең…

Advertisements

13 responses to “Каннибал тауық

  1. Ойбууу, енді тауыктын аягы салынган самса сататындардын куни не болмак?!

  2. ujas, bugin gana tauyk v mewo4ke jasagan edik tuski aska!
    kowmar! birak syrtynda Halal standarttaryna keletin zna4ok boldy, mumkin ol tauyktar ondai bbolmagan wygar. ujas.

    • жоға, просто олар енді халал болса, мүмкін оларды баққан адамдар тауықтардың жемін де қадағалаған шығар деп үміттенем дегенім ғой.

  3. иа, халал стандартына көшкен кәсіпорындар ондай жем бермейді, бірак халал деп өнім шыгарып жаткандарга да сене алмаймын

  4. мддаааа тура осы туралы баяғыда то ли фильм ба то ли деректі фильм ба көргем не болса да ужыс енді.

  5. Тауықтар сірә ағуыз жетіспей ме етқұмар келеді. Сүйек сіңір болса еш қысылмастан шоқи бастайды. Айтпақшы әкей тауық фермасында директор болғанда тірілей тауықты жабылып жеп қойғанын талай көрдім. Бір қамақта тұрған 100 мың тауық біреуінен кішкене ғана тамған қан көрсе жабылып жеп қояды.
    Тіптен кішкентай балапандарына ойнау үшін мен кішкене қызыл жіпті бере қойсаң барлығы сол жіпке таласатыны бар.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s